Religious and philosophical sense of Kazakh beliefs and prohibitions

2018

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejrs-2018-1-140
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ халқында сақталып, қолданыста жүрген бірқатар ырым-тыйымдардың діни-философиялық астарлары қарастырылады. Қазіргі жаһандану жағдайында болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алатын ырым-тыйымдар жүйесін қайта жаңғыртып, қолданыс аясын кеңейту өзекті. «Ырым» және «тыйым» сөздерінің мағынасы, арақатынасы түсіндіріліп, мәселенің зерттелуіне тарихнамалық шолу жасалады. Ырым-тыйымдардың діни, мифологиялық астарлары айқындалады, шығу тарихы, мәні мен мазмұны талданады. Авторлар қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі халқымыздың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқандығын атап өтеді. Ертеде осындай ырым-тыйымдардың өміршең болып, ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып жетуі аңыз-әпсаналармен, мифтік таныммен байланып отырған. Қазіргі таңда ырым-тыйымдардың бірқатар өзгерістерге ұшырап, қолданыс аясының тарылғандығы туралы байлам жасалған.