Effect of silver nanoparticles to properties termochustvitelnye polymer hydrogels

2012

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.15328/chemb_2012_1362-365
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Материалы VII Международного Беремжановского съезда по химии и химической технологии 362 that at contact of solutions of butyl vinylethermalein anhydride in butanol with water solutions of polydimethylaminoethylmethacrylate on border of section of phases to form a film.ƏОЖ 541.64 ПОЛИМЕРЛІ ГИДРОГЕЛЬДІҢ ТЕРМОСЕЗІМТАЛ ҚАСИЕТТЕРІНЕ КҮМІС НАНОБӨЛШЕКТЕРІНІҢ ƏСЕРІ Р.К. 1 Рахметуллаева, Ұ. 1 Нақан, Е.В. 2 Ан, А.С. 2 Жаркимбаев, Е.М. 1 Шайхутдинов 1 Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; 2 «№90 лицей» мемлекеттік мекемесі Жұмыста алғаш рет құрамында күміс нанобөлшектері бар жаңа термосезімтал Nизопропилакриламид (НИПААМ) жəне 2-гидроксиэтилакрилаттың (ГЭА) полимерлі гидрогельдері алынды.Құрамында күміс нанобөлшектері бар жəне күміссіз НИПААМ-ГЭА сополимерлері гидрогельдеріне температураның əсері зерттеліп, оларға термоиндуцирленген коллапстың тəн екендігі айқындалды.Қазіргі заманғы нанотехнологияның қарқынды дамуы жаңа наноқұрылымдық гибридтік материалдарды жасауды ынталандырады жəне оның негізін наноөлшемді бөлшектер мен нанокластерлер құрайды.Заманның сұранысына сай нанобөлшектерді табиғаты əр түрлі полимерлермен тұрақтандыру актуалды болып отыр.Бұл нанобөлшектердің сирек кездесетін оптикалық, магниттік, электрлік, катализдік жəне де басқа қасиеттеріне негізделген жəне оларды іс жүзінде катализаторлық, магниттік, сенсорлық, биомедициналық материалдар есебінде қолдану мүмкіндігі қарастырылуда /1/.Ұсынылған жұмыста бұрын соңды алынған /2/ полимерлі гидрогельдер N-изопропилакриламид (НИПААМ) жəне 2-гидроксиэтилакрилаттың (ГЭА) үшөлшемді сополимерлерінің теросезімталдық қасиеттерін зерттеу мақсатында құрамына күміс иондарын енгізу арқылы жаңа суда ісінетін полимерлі гидрогельдер алынды.Тігуші агент (ТА) ретінде бисакриламид (БАА) қолданылды./2/ айтылып келгендей полимердің термосезімталдық қасиетіне гельді алу шарттарының, жағдайының маңызы өте зор.Сондықтан жұмыста құрамында күміс нанобөлшектері бар жəне күміссіз жаңа сополимерлерді алу шартын таңдау мақсатында инициатордың əртүрлі концентрациясында жəне бастапқы мономердің үш түрлі құрамында ([НИПААМ]:[ГЭА] = 30:70; 50:50; 70:30 моль/л) гидрогельдер алынды.Алынған гидрогельдердің термосезімталдық қасиеттері зерттелді.Ол үшін суда бірқалыпты ісінген полимерлі гидрогельдің үлгілерін суға салып, олардың ісіну қатынастарының шамаларының (V/V 0 ) температура бойынша өзгеруі бақыланды.НИПААМ-ГЭА сополимерлерінің полимерлі гидрогельдеріне термоиндуцирленген коллапс -температураның жоғарылауымен ісіну қатынастарының күрт өзгеруі тəн екендігі айқыналды.Құрамында күміссіз НИПААМ-ГЭА сополимерлері гидрогельдерінің (1 қисық) жəне күміс нанобөлшектері бар полимермен (2 қисық) салыстырғанда температураның артуы жағдайында алынған ісіну қасиеттері (1-сурет) көрсетілген.Суретте көрсетілгендей күміссіз гидрогельдерге қарағанда құрамында күміс нанобөлшектері бар полимерлердің термосезімталдық қасиеттері жоғары температура аймағына, яғни күміссіз НИПААМ-ГЭА сополимерінің гидрогельдерінің коллапсы немесе температураның өсуіне байланысты көлемінің азаюы 30-40 0 С аймағында болса, күміс нанобөлшектері бар сополимерлерде ол 30-60 0 С аралығында өтеді.Бұл гидрофобты əрекеттесудің үдеуіне полимер құрамындағы күміс нанобөлшектерінің əсерімен түсіндіріледі.Құрамында күміс нанобөлшектері бар НИПААМ-ГЭА сополимерлерінің гидрогельдеріне ортаның иондық күшінің əсері зерттелді.Бастапқы мономер құрамында НИПААМ буыны 70% болғанда полимер триггерлік қасиет көрсетеді, яғни бастапқы 1 сағат аралығында полимерлі тор көлемін дискретті түрде кішірейтіп, сосын ұлғайтады да, қайта көлемін азайтады.Сонымен қатар ортаның иондық күшінің концентрациясы артқан сайын полимерлі гидрогельдің көлемінің жиырылу қабілетінің ұлғаятыны жəне жиырылу амплитудасы біршама азаятыны анықталды.Мұны гидрогельді қоршаған ортаның гидродинамикалық сапасының төмендеуінің салдарынан деп ойлаймыз.