Ахмет Байтұрсынұлы ғұмырнамасындағы Орынбор кезеңі: кейбір беймәлім мәліметтер мен деректер (ғылыми-танымдық экспедиция материалдары бойынша)

2020

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2020-132-3-18-27
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Орынбор қаласында ағартушы ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері А. Байтұрсынұлы ғұмырының едәуір бөлігін өткізді. Ол мұнда Мұғалімдер мектебінде білім алады (1891-1895), патша үкіметі сотының үкімімен әкімшілік жазасын өтейді (1910-1912), «Қазақ» газетіншығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болады (1913-1918), төңкеріс жылдары, алдымен, ұлттық Алаш (1917-1919), кейін кеңестік Қырғыз (Қазақ) автономиясын құру істеріне белсене араласады (1920-1925). Мақала ағартушы А. Байтұрсынұлының ғұмырнамасындағы Орынборкезеңіне байланысты архивтік құжаттарды талдауға бағытталған. Талдауға арқау болған құжаттар– бұған дейін ғылыми айналымға енбеген дерек көздері. Оның қатарына патшалық Ресей Ішкі істерминистрлігі жандармериясының анықтамалары, 1895 жылы «Тургайская газета» басылымында жарияланған «Киргизские приметы и пословицы» атты фольклор тақырыбындағы мақаласы, 1917-1918 жылдардағы төңкеріс кезеңдерінде ВЦИК төрағасы М. Калининнің алдында сөйлеген сөзі,«Қазақ» газетінің тарихына байланысты деректерді толық атауға болады. Ағартушы ғалымныңөмірбаянының маңызды кезеңін құрайтын Орынбор кезеңіне байланысты жаңадан табылып отырған беймәлім деректер мен мәліметтер Ахметтануда өзіндік тарихи, әрі рухани маңызы бар құндыдүние деп санауға болады