ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ШИКІЗАТТЫҢ ӘРТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫНЫҢ ГЛЮТЕНСІЗ МАКАРОН ӨНІМДЕРІН КЕПТІРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2023.1(116).1300
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Макарон өнімдері жоғары тағамдық құндылығына, пісірудің қарапайымдылығына сәйкес ең танымал тағамдардың бірі ретінде саналады, сонымен қатар олардың сақтау мерзімі біршама ұзақ. Соңғы жылдары макарон өнімдеріне әр түрлі қосымша шикізатты қолдану арқылы оның ассортименті едәуір кеңейді. Қосымша компоненттердің әрқайсысы макарон өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, халықтың барлық топтарының қажеттіліктерін қанағаттандырады. Глютенсіз тағамдардың құрылымын жақсартудың ең оңай жолы - басқа функционалды ингредиенттерді қосу немесе бидай ұнын балама тағаммен алмастыру, яғни глютенсіз шикізатты қосу. Құрамында глютені жоқ дақылдар ретінде Қазақстан территорисында өскен, жүгері, қарақұмық, ноқат, соя алынды. Осы отандық дақылдарды негізге ала отырып, глютенсіз макарон өнімдерін жасалынды. Бұл мақалада глютенсіз макаронның кептіру жылдамдығына әртүрлі дозалардың әсері қарастырылады.