МАҒЖАН МЕН ЧОЛПАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОРТАҚ САРЫНДАР

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2022.3-06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Түркі халықтарының өзара интеграцияға ұмтылу тенденциялары - рухани саламызда зор өзгерістердің белең алуына мұрындық болуда. Қазіргі заманның осындай жаңа, соны лебі есіп тұрған жағдайда қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен байланыстарының ішінде көрші әрі туыс өзбек әдебиетімен байланысының орны ерекше екені айқын. Бір тамырдан бастау алатын қазақ және өзбек әдеби байланыстары туралы арнайы зерттеуді қолға алу қажет. Қазақ және өзбек халықтарының ортақ әдеби мұраларын салыстырмалы түрде қарастыруда, ұқсас сөз өнерінің генезисі мен типологиясын зерттеуде әлі де бажайлап қарастыратын мәселелер аз емес. Түркі әлемінің қоғамтану және гуманитарлық ғылым саласы мамандарының басты міндетінің бірі – әлемнің барлық түркі тілдес халықтарының тарихын, мәдениеті мен әдебиетін зерттеу. Олардың тарихи-мәдени өзара байланыстарын және қазіргі кезеңдегі өзара ықпалдастығын ашу өте маңызды. Қазақстанның туыс түркі елдерімен тарихи-мәдени байланыстарын зерттеу – Қазақстанның қоғамдық-гуманитарлық ғылымының өзекті мәселелерінің бірі . Бұл тақырыптың өзектілігі – ұлттық әдебиеттің тарихы үшін үлкен маңызы бар Орта Азияның аймақтық әдеби байланыстарының әлі күнге дейін эпизодтық сипатта көрініп келе жатқандығынан да байқалады. Зерттеуде өзбек классикалық әдебиетінің әсерімен жазылған қазақ әдебиетіндегі туындылардың, қазақ жәдитшілдігінің ықпалымен ортақ тақырыптары туған өзбек әдебиетіндегі шығармалардың салыстырмалы түрдегі және өзіндік ерекшелігі туралы мәселелер, екі әдебиет арасында жасалған өзара көркем аударма, ақын-жазушылардың арасындағы достық қарым-қатынастар қарастырылады. ХХ ғасыр басында Патшалық Ресей Түркістанды толық отарына айналдырды. Ресей империясының бодандығы елді рухани, саяси, экономикалық тәуелсіздігінен айыру үшін отаршылдықтың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданды. Түркістан халқы осындай аласапыран кезде бірігу қажеттілігін ұқты. Азаттыққа ұмтылған қазақ және өзбек зиялыларын түркішілдік тақырыбы біріктірді. Қазақ және өзбек әдебиетінің ортақ тақырыптары мен ұқсас әдеби бағыттары азатшыл немесе отаршылдыққа қарсы кезеңде айқын көрінді. Әсіресе, «Тұтас Түркістан» идеясы тағдырлас екі ұлттың сөз өнерінде отаршылдыққа қарсы шығармалардың тууына ықпал етті. Осылайша түркі халықтары әдебиетінің тарихында әдеби байланыстардың әсерінен Түркістан әдебиеті деген әдеби-рухани кеңістік пайда болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы қазақ және өзбек әдеби байланысының кемелденген кезеңі болды. Мақалада қазақ және өзбек әдеби байланысының мысалы ретінде Мағжан мен Чолпан шығармашылығындағы ортақ сарындар қарастырылады.