Аннотация
Аңдатпа. Бұл мақалада оксюморонның өзіндік поэтика құбылысы ретіндегі ерекшелігін түсіндіріп, лингвист, психолог, әдебиеттанушы, философ ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, оксюморонның мәні анықталды. Оксюморонның поэтикалық ерекшелігін анықтауды ең алдымен, оның табиғаты туралы көзқарастарды жүйелеуден бастау керек. Осыған байланысты материалды жүйелеудің формалды-логикалық әдісін қолдана отырып, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде, анықтамалық материалдары бар негізгі сөздіктер мен энциклопедияларда оксюморонға берілген анықтамаларды қарастырдық. Бұл анықтамалар, әдетте, авторлар мен оқу-әдістемелік құралдар және ғылыми-зерттеу әдебиеттерінің зерттеулеріне негізделетін ортақ көзқарас ретінде қызмет етеді. Жүйелеудің бұл принципі бізге, біріншіден, оксюморон идеясын поэтикалық категория ретінде қалыптастырудың негізгі сәттерін бақылауға, екіншіден, зерттеушілер үшін өзекті болып табылатын оксюморонды талдаудың семантикалық, стильдік, құрылымдық-логикалық, көркемдік және поэтикалық аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді, үшіншіден, оксюморонға қатысты ұғымдар шеңберін, осы салыстырулардың принциптері мен заңдылықтарын анықтап, оның мәнін нақтылайды.