ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚОСПАЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП КОНДИТЕР ӨНІМІН ӨНДІРУ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2022/08
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада өсімдік шикізатынан жасалған қоспаларды қолдана отырып кондитерлік өнімдерді өндіру, өсімдік шикізаты ретінде дәстүрлі емес шикізатты яғыни асқабақ дәнегін қолдану арқылы кондитерлік өнімдерді өндіру қарастырылады. Нан-тоқаш және ұнды кондитер өнімдері Қазақстан аумағында жоғарғы сұранысқа ие болып табылады. Қазақ халқының тамақтануын сапалы, қауіпсіз және теңгерімді өнімдермен байыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Қарапайым асқабақ қазақстанның барлық аумағында кездеседі және оның езбесін, дәнегін басқа да мақсаттарда пайдалану әсіресе ұнды кондитер өнімдерінде пайдалану бұндай тұтыну процессінің жоғарлауына жәнеде халыққа қол жетімділігімен ерекшеленеді. Асқабақтың өзіндік ерекшелігі мен оның пайдалы жағы қазақ халқына бұрыннан таныс және де қазақ дастарханында асқабақтан жасалатын кондетер өнімдері ғана емес басқа ерекше тағамдар ассортименті өте көп. Сапалы өнімді қазақстан аумағында тұтыну жәнеде кондитер өнімдерінің ассортиментін көбейтумен қатар шет ел нарығына да шығару басты мақсат болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты кондитер өнімдерінің ассортиментін көбейту және адам организіміне пайдасын тигізетін зиянды емес мақсаттағы сапалы тәтті өнімнің рецептурасын құрастыру. Сондай-ақ дәстүрлі емес өсімдік шикізатын кондитер өніміне қосудағы органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштерін анықтау, сандық-сапалық қасиеттеріне баға беру болып табылады. Зерттеулер нәтежиелері талқыланады. Қазіргі кездегі басты сұраныс тудыратын өзекті тақырыптардың бірі қалдықсыз өнім өндіру болып табылады. Сол себепті де асқабақ дәнегін басқа да тағам дайындауда пайдалану бұл осындай өзекті зерттеулердің нәтежиесі болып табылады. Бұл мақала белгілі бір мемлекеттік МЕМСТ талаптары мен стандарттарын пайдалана отырып зерттеле жазылған. Бұл мақала заман талабына сай жаңа бағытта дамуды көздейтін жастарға арналған.