Діни қауіпсіздік саласындағы Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық

Journal of Oriental Studies, 2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos.2021.v99.i4.05
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ауғанстандағы соңғы оқиғалардан кейін Орталық Азия елдері де басқа елдер сияқты сыртқы саясатын өзгертуге мәжбүр болды. Ауғанстандағы тәліптердің билікті басып алуы аймақтағы қазіргі жағдайға әсер етпей қоймады. Бір жағынан Орталық Азия аймағында бірқатар жергілікті проблемалар болса, екінші жағынан ықпалды ойыншылар үшін күрес алаңы болып табылады. Қытай аймақтағы ықпалын барлық салада арттыруды көздесе, Ресей аймақтағы әлсіреген ықпалын қалпына келтіру үшін аймақтағы жаңа геосаяси ойындарды пайдаланбақ. Осыған байланысты Орталық Азия елдері Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы сияқты өздеріне көршілес елдермен аймақтағы өзара қарым-қатынастар үшін жаңа бірлескен жауапкершілікті анықтауы қажет. Мақаланың негізгі мақсаты – Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы діни қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың қиындықтары мен ортақ мүдделерін анықтау және одан әрі дамытудың өзара тиімді тұжырымдамаларын белгілеу. Қытай Халық Республикасы үшін Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау өте маңызды. Аймақтағы тұрақтылықты сақтау тек экономикалық мүдде тұрғысынан ғана емес, мемлекеттің ішкі тыныштығын бұзбау үшін де қажет. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында мұсылман халықтарының болуы, оның ішінде орталық билікке қарсы оппозияцияның болуы, оның ықпал ету аймағына тым жақын Ауғанстан Ислам мемлекетінің құрылуы, сонымен қатар олардың тарихи, этникалық және ең бастысы, діни бірлігі Қытай үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қытай басшылары Орталық Азия аймағын діни экстремизм мен радикалды ағымдардың өз аумағына енуіне жол бермеу үшін қалқан «буфер» ретінде пайдаланбақ. Бұл екіжақты қарым-қатынаста да, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы көпжақты қарым-қатынаста да діни қауіпсіздік саласындағы басты мақсаттардың бірі.