ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ЖОЛДАС БЕК ҚҰРМАНҚҰЛОВҚА 70 ЖЫЛ

2018

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2018.1-2.1-2.328.336
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Жолдасбек Құрманқұловтың өмір жолы, шығармашылық кезеңі мен өнегелі ұстаз ретінде тәрбиелеп отырған шәкірттері жайында сөз қозғалады. Жолдасбек Құрманқұлов студент кезінен археологиялық қазба жұмыстарына араласып, ғылым жолында сара жолын салған білікті ғалым. Ұйымдастырушылық қабілеті мен экспедиция уақытындағы қырағылығы жастарды тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетелегені айтылады. Көптеген қола, сақ кезеңі ескерткіштерін, сақ және қыпшақ уақытындағы тас мүсіндердің ашылуына, Орталық Қазақстан аймағындағы тас бетіндегі суреттердің тарихта өз орнын табуға септігін тигізген археолог ретінде баға беріледі. Ұлытау өңірінде орналасқан ертедегі металлургтердің қонысы Талдысайды, Теректі Әулие аймағындағы тас бетіндегі суреттерді, Ұлытау, Кішітау, Терісаққан аймағындағы қыпшақ және сақ кезеңіне жататын тас мүсініндерін зерттеп, зерделеуде. Сонымен қатар, Сырдарияның төменгі ағысындағы ескерткіштерді (Шірік рабат, Бәбіш мола, Баланды және т.б.) зерттеудегі ғылыми табыстары сөзге тиек болады.