Аннотация
Мақалада мектеп оқушыларының метапәндік нәтижелерін қалыптастырушы бағалау тәсілдері айтылған. Метапәндік дағдылар және олардың негізінде қалыптасқан әмбебап оқу әрекеттері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың метапәндік нәтижелерін қалыптастырушы бағалаудың маңызды ерекшелігі - әмбебап пәннен тыс білім, білік, дағды және құзыреттілік ретінде әрекет ете отырып, метапәндік жетістіктері бір жағынан барлық оқу пәндерінің құралдарымен және сонымен бірге нақты оқу пәндерінің материалымен қалыптастырылады. Бұл ретте оқу пәндерінің әрбір циклінің (гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер) өзіндік оқыту ерекшелігі, өзіндік дидактикалық тәсілдері және педагогикалық ерекшеліктері бар, мұны негізгі білім беру бағдарламасын меңгерудің жоспарланған нәтижелерін қалыптастырушы бағалау процесінде ескеру керек. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз сипатта болады, педагогпен кері байланысты қамтиды және әрқашан бағалаудың критериалды нысаны болып табылады. Оқушының оқу жетістіктерінің портфолиосы, әртүрлі жобалар, проблемалық оқыту әдістері, аралас оқытудың әртүрлі формалары, цифрлық қызметтерді қолдану, дағдылар мен құзыреттіліктердің дескрипторларын пайдалану, ойын технологиялары мен геймификация және т.б. қалыптастырушы бағалау құралдары бола алады. «Есте сақтау матрицалары», оқушылардың өз күштерімен тест материалдарын құрастыру, «минуттық шолу», бір сөйлемде жалпылау, шағын эссе, апталық есептер, диагностикалық карталарды, сауалнама парақтарын, электрондық күнделіктерді, жеке білім беру жетістіктерінің парақтарын пайдалану және тағы да басқа қалыптастырушы бағалау әдістері кеңінен қолданылады. Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың білім сапасын мектепішілік бағалау жүйесіндегі жоспарланатын, оның ішінде метапәндік жетістіктерін мониторингтеудің тиімді құралы. Жүргізілген зерттеу деректері бойынша педагогтардың едәуір бөлігі әлі күнге дейін қалыптастырушы бағалау технологиясы туралы аз хабардар екенін көрсетті, сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің басым бөлігі мектеп оқушыларының метапәндік жетістіктерінің мониторингі үшін қалыптастырушы бағалауды қолдануға дайын және бақылау-бағалау қызметінің осы аспектісінде өз құзыреттілігін арттырғысы келетінін атап өтті.