Аннотация
Бұл мақалада жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу барысында геоақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылған. Жерге орналастыруды, жер мониторингі мен мемлекеттік жер кадастрын дамыту проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру; жер реформасын жүргізудің федералдық аймақтық өңіраралық бағдарламаларын әзірлеу керек болады. Жерге орналастыру қызметі ауылдық елді мекендер шекарасындағы жерді ұтымды пайдалануды, қорғауды және оларды басқа жерлерден шектеуді ретке келтіру, ұйымдастыру жер реформасынан туындайды. Орталық аппаратқа жер реформасын ұйымдастыру және қаржыландыру, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жөніндегі құрылымдық бөлімшелер кірді; экономикалық ынталандыру; мемлекеттік жер кадастры; жер реформасы мен мониторингін ақпараттық қамтамасыз ету; жерге орналастыру; жерді пайдалануды болжау және Мемлекеттік жерге орналастыру сараптамасы; инновациялық бағдарламалар; материалдық-техникалық қамтамасыз ету; сыртқы және республикааралық байланыстар; жер реформасын құқықтық және кадастрлық қамтамасыз ету; топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық және басқа да зерттеу іздестіру және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша өз қызметін жүзеге асырылады. Жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді, ауыл шаруашылығы жерлерін жақсарту және қорғау жөніндегі жұмыс жобаларын әзірлеуді, жер реформасын жүргізуді ғылыми қамтамасыз етуді және басқа да мәселелерді қамтамасыз етеді, сонымен қатар жер реформасын ұйымдастырушылық, құқықтық, нұсқаулық-әдістемелік, жерге орналастыру, ғылыми-әдістемелік, кадрлық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету көзделген. Осы жерге орналастыру процесстерін толық жүзеге асыру үшін ақпараттық жүйелерді енгізу автоматтандырылған әдістерді, интеллектуалды және сараптамалық жүйелерді қолдану арқылы мәселелерді шешудің ең қолайлы нұсқаларын алуға ықпал етеді. Олар, сондай-ақ, бірнеше рет пайдалану жағдайында сенімді ақпаратты қалыптастыру процестерін автоматтандыру арқылы операторлардың күнделікті жұмысының үлесін азайтуды қамтамасыз етеді.