Қазақстандағы қақтығыс туралы ақпарат таратудағы журналистің рөлі

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2024-3-148-109-122
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстандағы қақтығыстар туралы зерттеулер саясаттану, әлеуметтану және тарихты қоса алғанда, көптеген салаларды қамтиды. Көптеген ғалымдар мен ұйымдар елдегі қақтығыстардың себептерін, табиғатын және оларды шешу жолдарын түсінуге үлес қосуда. Бұл мақалада Қазақстандағы журналистер мемлекеттік шектеу мен редакциялық талаптар аясында қақтығыс туралы ақпаратты қалай тарататынын зерттей келе, медиа өкілдерінің этикалық мəселелер, өзіне-өзі цензура жасау, мемлекет тарапынан қысым, объективтілік пен нақтылыққа жетудегі қиындықтар сынды мəселелермен бетпе-бет келетіні ашып көрсетіледі. 2024 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында журналистер қауымдастығы мүшелеріне жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде қазақстандық журналистердің қақтығыс оқиғалары кезінде ресурстардың шектеулігі немесе әртүрлі қысымдарға қарамастан, редакциялық стандарттар мен бейтараптық, шынайылық жəне жауапкершілік секілді журналистиканың басты принциптерін ұстануға тырысатыны анықталды. Алайда журналистердің өзін-өзі шектеуі оларды ақпарат алуда цензураны аттап өтіп, редакция талаптары мен жеке моральдық принциптердің арасында баланс табуға мəжбүрлейтіні белгілі болды. Зерттеу барысында журналистер үшін өзін-өзі шектеу мен жеке бастамашылдық таныту қақтығыс тақырыбын жазуда маңызды тенденция екені анықталды. Бұл зерттеу қақтығыстарды жазуда БАҚ-тың тəуелсіздігі, журналистің тəжірибесі мен өз белсенділігі маңызды екенін көрсетеді. Алынған нәтижелерді талдау және талқылау үшін фрейминг теориясы қолданылды. Себебі, бұл теория жартылай құрылымдық сұхбаттар контексінде, журналистердің қақтығыс тақырыбын қалай қабылдайтынын, түсіндіретінін және жеткізетінін зерттегенде қолайлы.