ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАНЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2023.83.3.011
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Оқушылардың математикалық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін есеп мәтінінде берілген ақпаратты түсіну, оны талдай отырып, есепті шығару кезеңдерін құрылымдауға баулудың маңызы өте зор. Осы жағдайлар зерттеудің мақсатын айқындап, міндеттерін нақтылауға жол ашты.Зерттеу мақсаты –математика сабағында құрылымдалған есептерді шығарудың оқушылардың ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын дамытуға әсерін бағалау. Зерттеушілік дағдыларды дамытуда көптеген әдістемелер мен құралдар ішінен құрылымдалған есептерді шығару тәсілі таңдалды. Зерттеудің болжамы бойынша құрылымдалған есептерді шығару барысында оқушылар ізделінді ақпаратты сатылай іздеу арқылы ақпаратты жүйелеугежол ашады. Ал оқушыларды есептерді өз бетінше құрылымдауға қатыстыру олардың ақпаратты талдау дағдыларын дамытады. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі зерттеу міндеттері айқындалды: зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған әдістерді қолдану әсерін бағалау; сабақтар сериясын өткізіп, оқушылардың біліміне сапалы талдау жасау; ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту бойынша мұғалімдердің қызметін ұйымдастырубойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу барысында осы бағытта жасалған зерттеулер талданып, ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту алғышарттары болып саналатын әдістердің тізімі анықталды. Құрылымдалған есептердің классификациясы дайындалып, практика жүзінде қолданылды.