ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ТҰРАҚТЫ МОТИВАЦИЯ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ИКЕМДІЛІГІНІҢ ҚҰРАМДАСБӨЛІГІ РЕТІНДЕ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.83.3.015
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада педагогикалық жоғары оқу орны жағдайында болашақ педагогтардың кәсіби икемділігін қалып-тастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты болашақ педагогтардың кәсіби икемділігінің компоненті ретінде педагогикалық қызметті жүзеге асыруға тұрақты мотивацияның қалыптасу деңгейін анықтау болып табылады.Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелі-қызметтік тәсіл (В.П. Беспалько, Д.Б. Эльконин); тұлғаны зерттеу-дің құрылымдық тәсілі; сауалнама жүргізу; ғылыми-теориялық деректерді талдау және жалпылау құрады. Студенттердің педагогикалық қызметке деген мотивациясын эмпирикалық зерттеуді біз 4 жыл бойы жүргіздік. Зерттеуге Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Арнайы педагогика», «Педа-гогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 1 курсының 213 студенті қатысты. Зерттеу авторлық әзірленген сауалнаманың көмегімен жүргізілді. Болашақ педагогтардың кәсіби икемділігінің компоненті ретінде педагогикалық қызметті жүзеге асыруға тұрақты мотивацияның қалыптасу ерекшеліктері жалпыланады. Болашақ педагогтардың педагогикалық қызметін жүзеге асыруға тұрақты мотивацияны қалыптастыру технологиясын енгізу қажеттілігі негізделген.