Аннотация
Суару үшін пайдаланылатын судың сапалық көрсеткіштері сапалы екпелі материал алу үшін міндетті түрде ескерілуі керек. Судың қышқылдығы мен электр өткізгіштігі ең маңызды көрсеткіштер болғандықтан оларды далада оңай басқаруға болады. Бұл зерттеу жұмыстары бұршақ пен дәнді дақылдарды суару үшін қолданылатын судың сапалық құрамының әсеріне арналған. Мақалада көрсетілген зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - әтүрлі химиялық-биологиялық көрсеткіштері бар суарылатын судың сапасын бақылау. Нақты топырақ-климаттық жағдайларда суару мақсатында белгілі бір сападағы су қажет (кесте 1). Дақылдардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін негізгі қоректік элементтерден басқа – азот, фосфор және калий, биохимиялық катализаторлар болып табылатын заттар қажет, олар негізгі қоректік заттардың сіңуіне, биомасса өндіруге және дақылдың қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай микроэлементтер-мырыш, мыс, марганец, темір, кадмий. Олардың суармалы судағы құрамы рұқсат етілген мөлшерде болуы керек. Агрономиялық тұрғыдан су сапасының 3 маңызды параметрі ерекшелінеді: қаттылық (әктілік), тазалығы және рН. Судың сапасына көптеген тәуелсіз факторлар: биологиялық құрамы немесе органикалық заттардың (балдырлар мен саңырауқұлақтар) тұрақты бөлшектерінің болуы, бірақ ең алдымен судың кермектігі мен қышқылдығын (рН) анықтайтын кальций мен магнийдің екі валентті катиондарының, мыс, темір, марганец және мырыш иондарының құрамымен байланысты химиялық құрамы әсер етеді. Суару үшін пайдаланылатын судың қышқылдық деңгейі әдетте 6.5-тен 8.5-ке дейін болуы қажет, және де осылай болса өсімдіктерге сирек қиындық тудырады. Дегенмен, рН фактор су мен топырақтағы көптеген химиялық реакцияларда маңызды рөл атқарады, сондықтан оның деңгейін бақылауға назар аудару керек, алайда бастапқы рН тамшы жүйесі темір немесе карбонат шөгінділерімен судың бітелу ықтималдығын анықтай алады. Жүргізілген зерттеулер жер учаскесінде іріктеліп алынған суармалы судың барлық зерттелетін үлгілерінде карбонаттар мен сульфаттар ионының қалдық мөлшері бойынша ШРК-дан асып кету анықталмағанын көрсетті.