«АЛАШ ІСІ. 1920-1930 жж. ОГПУ ЖҮРГІЗГЕН ЖАСАНДЫ ТЕРГЕУ ІСІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ» (археографиялық талдау)

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2024.06.03
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Ұсынылған мақалада «Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ жүргізген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» архив құжаттары жинағының екітомдығына археографиялық талдау дайындалды. Кітаптың бірінші және екінші томына енгізілген құжаттардың түрлері, хронологиялық шеңбері, басылымның әр томына дайындалған ғылыми-анықтамалық аппараты туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, архивтік-тергеу құжаттарын іріктеу, мәтінін рәсімдеу, оларды басып шығарудың ерекшеліктері айтылды. Мақаланың мақсаты кітапта жарияланған құжаттар құрамымен және археографиялық өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Оны басып шығаруда құрастырушы ұжым алдына, біріншіден, жастардың, келешек ұрпақтың санасына дәуірдің қарама-қайшы мәнін, екіншіден, қуғындалған адамдардың қандай жағдай басына түссе де болашаққа сенімін жоғалтпауы, төзімділігі, рухының мықтылығын жеткізуді мақсат қойды. Үшіншіден, өздері қалаған қоғамның бейнесін ашып көрсетті. Жинаққа енген материалдар қамауға алынған қазақ ұлтшылдарының тағдыры туралы баяндайды, жалпы батыл, әрі қайғылы ХХ ғасыр туралы толғандырады, антихалықтық саясаттың жүргізілуі нәтижесінде орын алған оқиғалар туралы құжаттар тілімен жеткізу болып табылады. Мақаланың негізгі міндеті – Алаш тарихына қатысты тергеу құжаттарын әйгілеу, осы күнге дейін белгісіз мәліметтерді жарыққа шығару.