Аннотация
Мақалада ертегілерді эйдос-конспект арқылы оқытудың тиімділігі туралы жазылған. Көркем шығарманы талдаудың аталмыш түрі ертегілердің идеясын ашуға қызмет ететін көркемдегіш құралдарды, образдар жүйесін, іс-әрекеттерін, оның өзіндік себептерін басқа да қырларынан танып- білуге мүмкіндік болатынына ерекше назар аударылады, осы мәселе нақты мысалдар арқылы айқындалады. Ертегіні талдау кезінде эйдос-конспектіні пайдаланудың тиімді екені, оқушылардың ерекше шығармашылықпен белсенді түрде жұмыс істеп, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының артуына ықпал ететіні олардың талдаған жұмыстары негізінде айқындалады. Көркем туындыны (ертегіні) талдау кезінде әр оқушының ерекше ойлау қабілеті де артады, олар талдау барысында бірінен-бірі асып кетуге тырысып, ойларын креативті түрде беруге ұмтылады, демек эйдос-конспект арқылы жоғарыда айтылған қасиеттер мен дағдылар ғана емес, көшбасшылыққа да жол ашылады. Және де ертегі арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттері жүзеге асады, зерттеу дағдылары қалыптасады, оларды дамыту барысындағы эйдос-конспектінің өзіндік орны анықталып, оқушылар талдаған ертегілерден мысалдар берілу арқылы дәлелдер ұсынылады. Оқушылар эйдос-конспект негізінде тірек сызбалар беруі мүмкін, өз ойларын, талдауларын қағазға түсіру арқылы бейнелі түрде ойлауға машықтанады, логикасы дамиды, нәтижесінде оқу үлгерімі де артады. Ертегілерді талдауда негізгі тірек сөздерді дәл табуға ұмтылады, туындыны өз деңгейінде қабылдай отырып, әдеби- теориялық ұғымдарды да нақты мысалдар негізінде түсініп, талдау жасай алатын болады. Мақалада осы мәселелер оқушылардың жұмыстары арқылы нақты айқындалды. Түйін сөздер: эйдос-конспект, танымдық іс-әрекет, шығармашылық қабілет, сыни тұрғыдан ойлау, ертегі. В статье описывается эффективность эйдос-конспекта. Особое внимание уделяется тому, что данный вид анализа художественного произведения предоставляет широкие возможности для понимания системы образов, действий, мотивов, художественных средств, которые служат раскры- тию идеи сказок на конкретных примерах. На основе проанализированных работ учащихся выявлено, что использование эйдос-конспекта при анализе сказки более эффективно в процессе обучения и способствует формированию навыков критического мышления учащихся, активно работающих с такими уникальными произведениями. В ходе анализа художественного произведения (сказки) через эйдос-конспект у каждого ученика активизируется мыслительная деятельность, формируются навыки творческого изложения, умения конкурировать друг с другом и открывается путь к лидерству. Через сказки осуществляется не только познавательная деятельность учащихся, но и формируются их исследовательские навыки. В статье выявлено место эйдос-конспекта в процессе обучения, а также представлены аргументы с примерами из сказок, проанализированных учащимися. Учащиеся на основе эйдос-конспекта могут предоставлять опорные рисунки, практиковать наглядное мышление, записывая свои мысли и анализы на бумаге, развивать логику, что в результате положительно отражается в целом на их успеваемости. В процессе анализа сказок учащиеся стремятся точно определить главные ключевые слова, воспринимать произведение на своем уровне, понимать и анализировать литературно- теоретические понятия на основе конкретных примеров. В статье эти вопросы были раскрыты на основе анализа работ учащихся. Ключевые слова: эйдос-конспект, познавательная деятельность, творческие способности, критическое мышление, сказка. The article describes the effectiveness of eidos-prospective learning in the study of fairy tales. Particular attention is paid to the fact that this type of analysis of a work of art provides ample opportunities for understanding the system of images, actions, motives, artistic means that serve to reveal the idea of fairy tales on concrete examples. Based on the analyzed works of students, it was revealed that the use of an eidos synopsis when analyzing a fairy tale is more effective in the learning process and contributes to the formation of critical thinking skills of students who actively work with such unique works. During the analysis of a work of fiction (fairy tale) through an eidos synopsis, each student's mental activity is activated, creative presentation skills are formed, the ability to compete with each other and the path to leadership opens. Through fairy tales, not only the cognitive activity of students is carried out, but also their research skills are formed. The article reveals the place of the Eidos synopsis in the learning process, and also presents arguments with examples from fairy tales analyzed by students. Students on the basis of an eidos abstract can provide reference drawings, practice visual thinking, writing down their thoughts and analyses on paper, develop logic, which as a result has a positive effect on their overall academic performance. In the process of analyzing fairy tales, students strive to accurately identify the main reference words, perceive the work at their own level, understand and analyze literary and theoretical concepts based on concrete examples. In the article, these issues were revealed based on the analysis of students' work. Keywords: eidos-synopsis, cognitive activity, creativity, critical thinking, fairy tale.