ЕДІЛБАЙ ЖӘНЕ ГИССАР ҚҰЙРЫҚТЫ ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫНАН АЛЫНҒАН ҰРПАҚТАРДЫҢ НЕГІЗГІ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ФЕНОТИПТІК ӨЗГЕРГІШТІГІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2023/04
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада еділбай құйрықты қой тұқымдарының саулығын гиссар қойының қошқарымен шағылыстыру арқылы алынған бірінші будан ұрпақтардың (І-тәжірибелі топ) және олардың құрдастары таза еділбай қойларын шағылыстыру арқылы алынған ұрпақтарының (ІІ-бақылау топ) негізгі селекциялық белгілерінің көрсеткіштері салыстырма түрде сарапталып, көрсетілген. Нәтижесінде, туғанда жоғары көрсеткіш I топтағы еркек және ұрғашы қозыларда болды, яғни олар II топтағы құрдастарынан тиісінше 0,3;0,4 кг немесе 5,2;7,6%; 2 айлығында 1,6;2,5 кг немесе 4,3;7,1%, 4 айлығында 5,5;3,6 кг немесе 13,8;9,9%, 7 айлығында 5,5;3,6 кг немесе 12,9;9,1%, ұрғашы қозылар 12 және 18 айлығында тиісінше 3,7; 3,4 кг немесе 9,0%; 5,5% артық болды. Ал 4 айлық I және II топтардағы еркек және ұрғашы қозылардың тірідей салмағы еділбай қой тұқымының элита класының малдарына бекітілген стандартынан 7,1; 1,6; 3,9; 0,3 кг немесе 18,6; 4,2; 10,8; 0,8 %-ға, 18 айлық тұсақтарда 4,5;1,1 кг немесе 7,5; 1,8% артық болды. Сонымен қатар, жылдық қырқылған жүн түсімі I топта 1,63 кг, ал II топта 2,07 кг құрады, яғни І топ 0,44 кг немесе 26,9% төмен көрсеткіш көрсетті. Жалпы алғанда І топтан алынған ұрпақтардың тірідей салмағы мен жүн түсімінің көрсеткіштері гиссар қойының генотипінің әсері болып табылады. Гиссар қой тұқымы салмағы бойынша еділбай қойына қарағанда біршама жоғары, ал жүн өнімі бойынша керісінше төмен.