Жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) жүкті әйелдердегі ерекшеліктері

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.3.2023.27-34
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Өзектілігі: 2019 жылы SARS-COV-2 вирусынан туындаған жаңа короновирустық инфекция алғаш рет Қытайда сол кезде белгісіз этиологиясы бар пневмониямен ауыратын науқастарда анықталды. Бұл мәселе барлық мамандықтағы дәрігерлер үшін, соның ішінде акушер-гинекологтар үшін өзекті болып отыр. Жүкті әйелдердегі жаңа короновирустық инфекцияның ерекшеліктері әлі зерттелмеген, бірақ осы кезеңде біз кейбір тұжырымдарды жасай аламыз. Жүктілік - бұл ерекше үрдіс, жүктілік кезінде физиологиялық қалыпты жағдай біршама өзгеруі мүмкін, сондықтан да оны COVID-19 диагностикасы мен емдеу кезінде ескеру қажет.Зерттеудің мақсаты – COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйелдердегі жүктілік ағымының ерекшеліктерін зерттеу және жүктілік кезінде кездесетін әртүрлі асқынулар мен ілеспе патологияларды бағалау.Материалдар мен әдістерi: клиникалық бақылаулар мен зерттеулер 2020 жылдың сәуір айы мен 2021 жылдың қыркүйек айы аралығында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының перинаталдық орталықтарында жүкті және босанатын әйелдерге жүргізілді. COVID-19 инфекциямен ауыратын және дені сау жүкті әйелдерге зерттеудің мақсаты мен дизайны туралы алдын ала түсініктемелер берілді, сондай-ақ олардың ақпараттандырылған жазбаша келісімдері алынды.Нәтижелерi: Зерттеу кезінде интенсивті терапия бөліміне жатқызылған вирустық-бактериялық пневмониямен ауыратын 21 жүкті әйелде қарқынды нашарлау байқалды. Жедел респираторлы вирусты инфекция тұмауға байланысты пневмонияның ең ауыр асқынуы ретінде пациенттердің 80,9% (17/21) анықталды және COVID-19 пандемиясының алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін 7,2±4,6 күннен кейін дамыды. Клиникада жедел тыныс жетіспеушілігі симптомдарының тез өсуі байқалады (минутына 20-дан астам тыныс алу қозғалысы тахипноэ, пульсоксиметрия кезінде қанның оттегімен қанықтылығы 90% -дан аз), тахикардия және артериялық гипотензия. Қанның оттегімен қанықтылығы орташа есеппен 84,4±5,1% құрады, бұл прогрессивті гипоксемия мен жедел тыныс жетіспеушілігінің дамуын көрсетеді.Қорытынды: COVID-19 вирусы 3 жүкті әйелдің өлімінің негізгі себебі болды. Бұл қайғылы жағдайдың себептері медициналық көмекке кеш жүгіну және этиотропты терапияны кеш бастау, ауру басталғаннан кейін 5 күннен кейін мамандандырылған стационарға жатқызу, химиопрофилактиканың болмауы және ауыр преморбидті фон деп санауға болады.