СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРМАН ЖОЛАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2023/26
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының біріндегі орман жолақтарының қазіргі жағдайы қарастырылады. Қолданыстағы зерттеу әдістеріне сәйкес орман жолақтары учаскелерінің сүрекдіңінің құрамы, оның қазіргі жағдайы анықталды. Зерттеу барысында желектің пішінінің ерекшеліктеріне, оның жалпы жағдайына және қурау дәрежесіне назар аударылды. Сондай-ақ орман жолақтарына жалпы жай-күйіне баға берілді. Мақалада орман жолақтарының екі учаскесіндегі сау ағаштардың жалпы пайызының көрсеткіші келтірілген. 1-учаске бойынша сүрекдің 100% ауыстыруды қажет етпейтін сау ағаштардан тұрады. 2-учаске бойынша зақымдалған ағаштардың үлесі 58,9% құрайды. Бұл желектің қурауының әртүрлі дәрежесі бар және ауыстыруды қажет ететін ағаштар. Орман жолақтарының зерттелген учаскелері қазіргі уақытта олардың тығыздығы төмен және сирек кездесетіндігіне, сондай-ақ көптеген ағытылудың болуына байланысты өздерінің егістік қорғау функцияларын орындамайды. 1-учаске өзінің жас көрсеткіштері бойынша сүрекдіңді қалыптастыру сатысына, ал 2-учаске өз дамуында ауытқу деңгейіне жеткен. Орман жолақтардың осы учаскесінің ауытқу деңгейі оның жас ерекшеліктеріне де, күтімнің толық болмауына да байланысты. Орман жолақтарына күтімнің болмауы, сондай-ақ осы жерде орналасқан тастанды ауылшаруашылық жерлері орман жолақтарының екі жағында да бальзамдық теректің өскіндерінің таралуына әкелді. Негізгі болып табылатын, орман жолақтарының зерттелген учаскелерінің бірі, егістік қорғау функцияларын қалпына келтіру үшін қураған және зақымдалған ағаштарды ауыстыру арқылы оны қайта құру (58,9%-ға) қажет. Орман жолақтары учаскелерінің құрылымын ретке келтіру, оларды жырту және уақтылы тазалауды ұйымдастыру талап етіледі.