АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КҮЗДІК БИДАЙ ТҰҚЫМЫ САҢЫРАУҚҰЛАҒЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ-КУЛЬТУРАЛДЫ БЕЛГІЛЕРІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2023/08
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Алматы облысы жағдайында күздік бидайдың тамыр шірігі қоздырғыштарының морфологиялық-культуралды белгілерін анықтау және сәйкестендіру бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеулер 2021-2022 жылдары «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» базасында микробиология және фитопатологияда жалпы қабылданған әдістер бойынша зертхана жағдайында жүргізілді. Статистикалық талдау Стьюденттің Т критерийін дисперсиялық талдау арқылы R- studio бағдарламасы арқылы жүргізілді. Маңыздылықтың критикалық деңгейі Р мәнімен анықталды. Зерттеу барысында сүзгі қағазының орамдардағы талдау әдісі, құмда өнген тұқымдардағы тұқым инфекциясын анықтау әдісі арқылы күздік бидайдың фузариоз және тамыр шірік белгілері бар екендігі анықталды. Тамыр шірігінің негізгі қоздырғыштары Bipolaris sorokiniana және Fusarium spp. тұқымдас саңырауқұлақтардың екі түрі кездескені анықталды. Ауруға бейімділік бойынша фитосанитариялық талдау нәтижелері орташа алғанда 91-94% тұқымдық инфекциямен берілген. Тұқымдық инфекция Алмалы сортында Bipolaris sorokiniana таралуы 46%, Fusarium spp 45% құрады. Канада сортында таралу деңгейі сәйкесінше 56% және 38% құрайды. Бидай тұқымынан бөлініп алыңған Bipolaris sorokiniana тұқымдас саңырауқұлақтардың P15, P15I изоляттарының қоректік орталарда өсу динамикасы қоректік орта мен изолят факторы колониялардың аумағына әсер ететінін көрсетті. Алайда, Fusarium F2 және F3 саңырауқұлақтарының өсу динамикасы колониялардың ауданы тәуліктің p <0,05 факторына байланысты екенін көрсетті. Fusarium spp және Bipolaris sorokiniana cаңырауқұлақ конидияларының биологиялық ерекшеліктері, оның ішінде қалқаншалардың ұзындығы, ені және саны cипатталған.