АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ТҰЖЫРЫМЫ

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.3-05
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Абай шығармаларында бой көрсеткен «толық адам» ілімін таратып жазудымақсат етеді. Әлемнің ойшылдары мен даналары адам бойындағы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуқажеттілігін ең бірінші кезекке қояды. Гуманистік таным тұрғысынан алғанда, Абай да өзі өмір сүргенХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында жастардың адамгершілік ұстанымдары мен қасиеттері қандай болукерек деген ойға ерекше мән берген. Осы сұрақтың төңірегінде хакім Абай көп ойланып толғанған.Қазақ халқының қоғамдық ой санасына лайық деп ұсынған Абайдың «Толық адам» тұжырымымақалада арнайы зерттеледі. Автор Абайдың мораль философиясына қатысты ойларының түпкі негізінМ. Әуезовтің «нравственная личность» деп атаған терминімен тығыз бірлікте болғанын анықтайды.Абай шығармаларындағы толық адам жайлы тұжырымын алғаш рет ғылыми тұрғыдан анықтап,оны оқырманға түсіндіріп жеткізген ғалым М. Мырзахметұлы екенін атап, оның Абайдың шығысқа,исламиятқа қатысын зерттеген еңбегіне түсінік береді. М. Мырзахметұлы М. Әуезовтің тезистікой-желісін ары қарай дамытып, ғалымның еңбегін жалғастырып, ғылыми арналарға бағыттағанындәлелдейді. Абайдың ағартушылық-гуманистік қөзқарасынан туындаған мораль философиясынанегізделген «кемел адам» ілімінің қалыптасу негіздері, даму арналары жан-жақты қарастырылады.Ақын шығармаларының негізгі арқауы – адам, толық адам екені мақалада дәлелдене түседі. Ақынпоэзиясындағы «үш сүюді»: «алланы сүю», «адамзатты сүю», «әділетті сүю» деген үш асыл қазынаныатап, оларға сипаттама береді. Адамзатты дұрыс адам болуға, адамгершілік ізгі жолға шақырған «Ғылымтаппай мақтанба» өлеңіне толық талдау жасайды. Абай ұсынған этикалық әдеп нормаларын атайды.Адам болудың жолын көрсеткен бағдарламалық өлеңінің мағынасы терең екенін, «адам болам десеңіз»деп шарт қоятынын түсіндіреді. Гуманист ақынның «Бес нәрседен қашық болуды», «бес нәрсеге асықболудағы» шарттарын атап, осы жолда талаптанған жастардың ғылымға ұмтылу қажеттігін айтады.