ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ (Оңтүстік Қазақстан өңірлері мысалында)

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.3-21
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Біз бұл мақалада қоғамымыздағы күнделікті өмір сүру барысында қолданып жүргендәстүрлі және инновациялық мәдениеттіріміз бен құндылықтарымызды саралап, салыстырмалытұрғыда талқылаймыз. Талдау барысы «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі жәнеинновациялық құндылықтар үдерістерін мәдени талдау» жобасы аясында жүргізілген әлеуметтікзерттеудің нәтижелеріне негізделеді. Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы, мәдени әлемдерарасындағы айқын үйлесімдік өте күрделі үдеріске жатады және оның орындалуы көп шарттардықажет етеді. Өткенге оралу, өшкенді жандыру, діни қайта өрлеу, шашыраған құндылықтардытүгендеу белсенді модернизация және жаппай батыстандыру аймағында өзгерістерге ұшырауда.Ұлттық мәдениет барынша қалыптасқан жүйе болғанымен, жаһандану аясында оның өзгеріскеұшырауы, ерекшелігінің сақталуы мен даму мүмкіндіктері де пайда бола бастайды. Қазақтың дәстүрлімәдениеті батыстық емес құндылықтарға:тұлғааралық қатынастардың түпнегізділігіне, әрекеттенушіқұндылықтардың тұрақтылығына, рухани реттеудің салмақтылығына негізделген. Бүгінгі таңдаҚазақстан Республикасындағы отбасылық мәдени үрдістердің кейбір бағыттары өзінің табиғиболмысынан ауытқып, батыстық үлгілерге еліктеуге талпыну байқалады. Бұл жас ұрпақтың ұлттықталғамын әлсіретеді, ұлтты дәстүрлі төл мәдениеттен бірте-бірте ығыстыра алады. Осындай еліктеушілікұлттық мәдениетке, әсіресе жастардың сана-болмысына, кері әсер етеді, ұлттық тәрбиеліліктіңэтика – эстетикалық маңызы кемиді. Мақалада, жаһандану барысында өзгерістерге ұшырап жатқандәстүрлеріміздің ұлт болашағына және халықтың әлеуметтік жағдайына тигізетін әсеріне сараптамажасалады. Қазіргі дамушы қоғамда дәстүрлі және инновациялық мәдениеттің проблемалары ерекшеорын алады. Дәстүрлі және инновациялық мәдениеттің үйлесімділігі, бір жағынан дамудың, екіншіжағынан қоғам үшін уақытпен тексерілген ең маңызды құндылықтарды сақтаудың кепілі болыптабылады. Дәстүрлі мәдениетіміздің адам өміріне маңыздылығы және олардың орнын басып жатқанинновациялық мәдениеттіріміздің арасындағы байланыстарды зерттеу маңыздылығы туындауда.Мақалада бұл мәселе дәстүрлі негіздерді сақтау ұлттық бірегейлікті сақтаудың қажетті шарты болыптабылатын көпұлтты қоғам контекстінде қарастырылады.