Оңтүстік өңірдегі балалар денсаулығын сақтау жүйесінің тарихы

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-143-2-18-32
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Оңтүстік өңірдің денсаулық сақтау саласының тарихнамасындағы тенденциялар зерттеу нысанының өзекті бөлігі болып табылады. Балалар туберкулезімен күрес тарихы мұрағат құжаттары (Қазақстан мұрағаттарының материалдары-ҚР ОМА), ҚР туберкулез ауруы бойынша статистикалық мәліметтері, өткен ғасырдың басындағы мерзімді басылымдардағы деректер негізінде құрылған. Оңтүстіктегі денсаулық сақтау саласы тарихы жалпы зерттелгенмен әйтсе де балалар туберулезінің тарихы зерттеу нысанынан тыс қалған. Мақала осынау Денсаулық сақтау саласының тарихына қатысты ақтаңдақтарды қалпына келтіруді мақсат еткен. Өлкенің денсаулық сақтау жүйесінде балалар туберкулезі айрықша орын алып өткен ғасырлардың басындағы Сырдария облысы аумағында, соңынан Түркістан Республикасы аталған кезеңнен бастап алуан қиындықтармен күрес нәтижесінде дамыды. Мақалада Түркістан республикасының Денсаулық Сақтау Халық Комиссары болған С.Ж. Асфендияровтың Оңтүстік халқының денсаулығын сақтау саласында атқарған және республика көлеміндегі қажырлы ұйымдастырушылық қызметіне де тарихи тұрғыда баға беріліген. Оңтүстік Өлкенің Денсаулық сақтау саласының қиындықтарына қарамастан, әсіресе өткен ғасыр басындағы медицина кадрларының тапшылығы сәттерінде де атқарылған ұйымдық жұмыстар мен балалар арасындағы безгек, туберкулез сынды дертпен күрес барысындағы қажырлы еңбекке шолу жасалынған. Соның ішінде Түркістан облысындағы балалар ауруының және өлімі мәселесі, себептері мен көрсеткіштері салыстырмалы тұрғыда талданған. Балалар туберкулезі дертінің бұрынғы және қазіргі жай-күйі арнайы салыстырмалы негізде баяндалып қазіргі медициналық жетістіктерге тоқталған. Сонымен бірге жас ата-аналар арасындағы бала денсаулығына аса зиянды ішімдікке салыну көрсеткіштері де статистикалық тұрғыда келтірілген. Зерттеуде қазіргі Түркістан облысының балалар туберкулезімен күрестегі дәрігерлердің жеткен жетістіктері арнайы кестеде салыстырмалы түрде республикалық деңгейде көрсетіліп қарастырылған.