Қуғындалған ырғыздықтар

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-142-1-93-107
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған Ырғыз өңірінен шыққан алашордашылар мен кеңестік билік тұсындағы қайраткерлердің саяси қызметтері мен тағдырлары сараланады. Ырғыз өңірінен шыққан Алаш азаматтардың барлығы да түрлі жолдармен ұлт мүддесі жолында күреске шығып, халықтың мүддесі жолында үзенгілес азаматтармен бірге қазақтың өз билігі өзінде болатын тұтас бір мемлекетке бірігуін жақтады. Сол жолда жазым болды. Сталиндік қуғын кеңестік билік саласында адал қызмет еткендерді де аямады. Жалған жала жауып, соттап, түрмеге қамады, жер аударды, ең ауыр ату жазасына кесті. Президентіміз Қ.Тоқаевтың ашаршылық пен қуғын-сүргін мәселесін жіті зерттеуді міндеттеуі «құпия», «аса құпия» деген желеумен жабулы қалған қаншама арыстарымыздың істерін қарауға, оны талдауға мүмкіншілік туды. Мақала барысында РКФСР Қылмыстық істердің 58 бабының 2, 8, 9, 10, 11-пункттері бойынша айыпталған алашордашыл Әбдіразақ Башбаев, Қайназар Бекмурзин, Қуаныш Жұбанов және т.б., сонымен бірге кеңестік билікте қызмет еткен Жәшік Ерубаев, Жолбосын Ақшолақов сияқты қайраткерлердің қуғындалуының себебі мен оларға тағылған айыптау барысы айқындалады.