Аннотация
1996-2004 жж Болгарияда биологиялық , кешенді және химиялық қорғау жағдайында өсірілген алма бақтарының энтомофаунасы жағдайына бақылау шаралары жүргізілді. Биологиялық күрес жүргізілген бақта барлығы 27 туысқа жататын 43 зиянкес тіркелді. Кешенді және химиялық күрес жасалған бақта 35 және 26 түр құрамы тіркелді. Алма жеміс жемірі - Cydia pomonella, Болгариядағы барлық алма бақтарының негізгі зиянкестері болып табылады. IPM бар бақшалардағы тығыздығы жоғары басқа зиянкестер алма егеуіші – Hoplocampa testudinea, тортрицидтік көбелектер және бізтұмсықтар : Phyllobius oblongus, Rhynchites bacchus және R. aequatus. Біте , жапырақ жемірлері, Epicometis hirta және жапырақ кемірушілердің популяциясы кезеңді түрде өсті.4 отряд пен 7 тұқымдасқа жататын барлығы 30 жыртқыш табылды. Қан қызы қоңызы популяцияның ең жоғары тығыздығы және ұсақ зиянкестер санының табиғи реттеушілері ретінде маңызды рөл атқарды.7 Hymenoptera тұқымдасына жататын паразиттер бітелер ,қабыршаққанаттылардың, жапырақ жемірлердің маңызды табиғи реттеушілері болды. Пайдалы жәндіктердің популяциясының тығыздығы IPM бақшасында төмен болды, бірақ олардың зиянкестермен табиғи күресу ретіндегі маңызы жоғары болды.