Аннотация
Мақалада сүзбе мен ірімшік сарысуы және сүт сарысуының физикалық-химиялық қасиеттері және зерттелуі қайта өңдеуге арналған құнды шикізат ретінде қарастырылады. Оның алынуы, жіктелуі, түрлері, биохимиялық және аминқышқылдарының құрамы, әртүрлі салаларда қолданылуы қарастырылған. Сүт сарысуын қолдану аясының қысқаша сипаттамасы келтірілген. Екінші реттік шикізаттың ерекшеліктері - сүт сарысуы және оның адам ағзасына оң әсері көрінеді. Сүзбе, ірімшік және казеин сарысуының (екінші шикізат) пайдасы мол тамақ өнімдері мен сусындар шығаруға болатындығы атап өтілген. Сондай-ақ, сиыр мен ешкі сүтінен алынған ірімшік сарысуын зерттеудің нәтижелері келтірілген. Биохимиялық құрамы жағынан бұл сарысу адам ағзасына жағымды ферменттерге бай, сондықтан оны тамақ өнімі ретінде кеңінен қолдану мүмкіндігі негізделген.