Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясының ұлтттық-этнографиялық ерекшеліктері

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-142-1-154-162
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының идеялық ерекшелігіне сипаттама беріледі. Бұл ретте ұлттық құндылықтар, ұлттық идея, туған жер, жалпыадамзаттық құндылықтар, ұлттық сана-сезім туралы пікірлерге түсінік беріліп, талданады. Қaзaқ хaлқының отаншылдық рухы мəceлeci aтa-бaбaлapымыздың aмaнaт eткeн жepiн қopғay, тyғaн жepдi cүю хaлықтық бoлмыcтaн бoйғa дapығaн, oй-caнaны жeтiлдipeтiн құбылыcқа айналып отыр. Мақалада Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының өкілі Бауыржан Құрманқұлов туындыларындағы туған жер, ұлттық құндылықтар мәселелері қарастырылады. Ақынның «Туған жерде туған жырлар» атты өлеңдер топтамасындағы «Жымпиты», «Қырыққұдық» және «Домбыра үні» өлеңіне идеялық талдау жасалады. Ақынның өршіл жырларындағы халықтық болмысқа құрылған танымдық ойлар талданады. Ақын, журналист Индира Өтемістің туған жер тақырыбына арналған өлеңдер топтамасындағы «Ойыл», «Туған жермен қоштасу», «Ауылға кетем» өлеңдерінде лирикалық кейіпкердің туған жер туралы нәзік иірімге толы сезімдері арқылы перзенттік сағынышы сипатталады. Жас ақын Гүлжайнар Қалдинаның Тәуелсіздік туралы жырларының ішіндегі «Махамбеттің монологы», «Мағжанның монологы», «Қазақ – біз!», «Айбын», «Қазақ деген – осы біз!» сынды рухты жырлары және ұлттық құндылыққа толы тәрбие тақырыбына құрылған «Әке тілегі» өлеңі талданды. Ақын шығармашылығы туралы белгілі қаламгер Мейірхан Ақдәулетіұлының, сыншы Бағашар Тұрсынбайұлының пікірлері келтіріледі. Олар ақын Г.Қалдинаның отаншылдық мәнге құрылған жырларының көркемдік деңгейі жоғары, оқиғасының өрбуі шынайы екеніне назар аударып, оның өлеңдері Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетімізден маңызды орын алатыны туралы тұжырым жасайды.