Ауыл шаруашылығын субсидиялау: проблемалары және оны тиімді ұйымдастыру жолдары

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2023-2-232-241
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Көптеген мемлекеттерде ауыл шаруашылығы (АШ) саласын мемлекеттік қолдау мен субсидиялау арқылы ынталандыру шараларнын үнемі жетілдіру - ондағы өнімділік пен кірістілікті арттыруға, азық-түліктің қолжетімділігі қамтамасыз етуде, сайып келгенде елдегі кедейлікті азайту мен экономикалық өсуді ынталандыруға әсер етуші негізгі тәсіл ретінде қолданылады. Мақсаты - Қазақстандағы АӨК-ін субсидиялау кезіндегі негізгі проблемаларды анықтау және оны реттеудің тиімді жолдарын ғылыми негіздеу болып табылады. Әдістері - гипотезалық, ғылыми абстракциялық, динамикалық және салыстырмалы талдау, синтездеу, жүйелік көзқарас, монографиялық, логикалық. Нәтижелер - мемлекет аграрлық сектордың ағымдағы жағдайын ескере отырып, қолдау шараларын үнемі жетілдіруде. АӨК-ді мемлекттік қолдау жеңілдетілген қаржыландыру мен субсидиялаудан басқа баға, салық, лизингтік және т.б. тетіктер арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мақсатты бағдарламалар арқылы іске асырылып келелді. Зерттеуде қарастырылған 2018-2022 жылдар арлығындағы деректерді ескерсек, аграрлық сектордағы өндіріс көлемі де субсидиялау мен қардыжандыру көлемі де оң динамикада өзгерген. Бірақ, бұл нәтижелер АШ саласының ЖІӨ-құрамындағы үлесін тұрақты деңгейде арттыра алмады. Осыған байланысты 2023 жылы АӨК саласын субсидиялау жаңа тетіктермен толықтырылды. Қорытынды - АШТӨ үшін басекелестік қабілеттілігін арттыру және протекционистік шараларды жетілдіру; АӨК-ді қаржыландыратын институттарды бір орталыққа шоғырландыру және оны цифрландыру арқылы бюжет қаражатын қатаң бақылау, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, эксорт көлемін арттыру, онлайн қызметтерді дамыту және «жасыл» технологияларды қаржыландыру көлемін арттыру қажет.