Religious practice social changes during the COVID-19 pandemic in the United Arab Emirates.

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos.2021.v99.i4.07
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Біріккен Араб Әмірліктері мысалында ұлт құрылысының кейбір теориялық аспектілері мен COVID-19 пандемиядан туындаған әлеуметтік өзгерістер қарастырылады. Мемлекеттік әлеуетке қарай, әлем елдері коронавирустық инфекцияның алдын алу және онымен күресу шараларына әр түрлі жауап берді. Жалғасып жатқан пандемия, аурудың таралуына жол бермеу үшін қабылданған қоғамдық денсаулық сақтау шаралары және халықтың бұл құбылысқа деген әр түрлі реакциялары түрлі әлеуметтік салдарларға әкеп соғады. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты - COVID-19 пандемиясынан туындаған әлеуметтік өзгерістердің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мемлекеттік әлеует тұрғысынан діни өмірге және мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер еткенін талдау. Зерттеу нәтижелері пандемияның кең ауқымды әсерін тиімді жұмсартуда мемлекеттік әлеуетінің маңызды рөл атқаратынын көрсетті, бұл адам өмірінің барлық салаларында, соның ішінде, діни бағытта парадигманың ауысуына әкелді. Эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, біз мемлекеттің тиімді араласуының арқасында БАӘ қоғамы жаңа өмірге тез бейімделіп, бар шектеулерді уақытша деп қабылдағанын, әрі мемлекетке деген сенімнің жоғарылағанын көреміз. Бұл ел өміріндегі мемлекеттік әлеуеттің маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Кілт сөздер: COVID-19, діни тәжірибе, ұлт құрылысы, БАӘ, мемлекеттік әлеует, рантье мемлекеті теориясы.