ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ НЕМЕСЕ ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛДАРЫ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/mhal8884
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің дамуы мен еркін қолданылуының қажеттігі заң түрінде бекітілген. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту, қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру нақты айтылған. Бұл – заман талабы десек, мақаланың тақырыбы да осы бағытта, қазақ тілін екінші тіл немесе шет тілі ретінде оқыту әдістемесіне арналып отыр. Мақалада қазақ тілін меңгеруде қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізу үшін теориялық тұрғыда негізделген, тәжірибеде дәлелденген тиімді технологияны қолданудың маңыздылығы сөз етіледі. Бүгінгі уақытқа дейін қолданылып келген тіл үйретудің көптеген әдіс-тәсілдері оқытудың басты шарттарын қанағаттандыра алмауда. Қазіргі қоғамымызда қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренуге деген қызығушылық пен оны меңгеруге деген ұмтылыс тілді үйретудің ғылыми-әдістемелік негізін қалыптастырудың қажеттілігін тудырды. Соған байланысты мақалада мемлекеттік тіл – қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету мәселесінде тілдік дағдыны қалыптастыратын әртүрлі практикалық жұмыстар мен оларды жүргізудің әдістемесі қарастырылған. Соңғы кездері қазақ тілін шет тілі ретінде немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінде қатысымдық әдіске ерекше назар аударылып жүр. Тілді грамматикалық ережелерді жаттату арқылы оқытудың тиімсіздігі дәлелденгенмен, коммуникативті әдіс арқылы оқытудың барлық тілдерге ортақ әмбебап моделі жоқ. Сондықтан мақалада ана тілі, екінші тіл, шет тілі ұғымдарының айырмашылығы сараланып, қазақ тілін оқытудың барынша тиімді деп саналатын әдістері мен ізденістері ұсынылады. "