STEM білім беру жағдайында математика сабағында цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes86120267
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеуде STEM тәсілін математика сабағында цифрлық технологиялармен кіріктіре қолданудың тиімділігі қарастырылды. Эксперимент Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Эксперименттік топта сабақтар PhET Simulation, GeoGebra, Desmos және Excel сияқты цифрлық құралдарды қолдану арқылы ұйымдастырылды, ал бақылау тобында дәстүрлі әдіс пайдаланылды. Зерттеу барысында оқушыларға пәнаралық тапсырмалар ұсынылды: көлбеу жоғары лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу және қозғалыс теңдеулерін графикалық модельдеу. Теориялық модельдеу, тәжірибелік симуляциялар және графикалық талдау нәтижелері толық сәйкестік көрсетіп, STEM тәсілінің тиімділігін дәлелдеді. Алынған деректер сандық және сапалық әдістермен талданды. Нәтижелер STEM тәсілін цифрлық технологиялармен үйлестіре қолдану оқушылардың академиялық жетістігін орта есеппен 15–16%-ға арттыратынын көрсетті (p < 0,05). Сонымен қатар, оқушылардың зерттеушілік қабілеттері, модельдеу және деректерді талдау дағдылары, коммуникативтік құзыреттері айтарлықтай дамыды. Зерттеу нәтижелері STEM тәсілінің дәстүрлі оқытуға қарағанда білім сапасын арттыруда, оқушылардың пәнге қызығушылығын күшейтуде және цифрлық құзыреттілігін дамытуда анағұрлым тиімді екенін растайды. Түйін сөздер: STEM білім беру, математиканы оқыту, цифрлық технология, виртуалды зертхана, графикалық модельдеу, зерттеушілік дағдылар.