Қазақстан университетіндегі түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық бейімделу үдерісін кешенді талдау

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258511
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан университеттерінде білім алып жатқан түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық бейімделуіне әсер ететін факторлар жан-жақты әрі терең талданған. Қазіргі уақытта көптеген түрікмен азаматтары жоғары білім алу үшін, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдап отыр. Алайда, бейімделу процесі түрікмен азаматтарының бейтаныс елге үйренуде қиындықтарға тап болуына байланысты ұзаққа созылуы да мүмкін. Мақаланың мақсаты – Қазақстан университеттеріндегі түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық бейімделу үрдісінің ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында талдау, жинақтау, сауалнама жүргізу әдістері қолданылды. Зерттеуде К. Роджерс пен Даймондтың психологиялық бейімделу шкаласы қолданылды. Эмпирикалық бөлімге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология, филология факультеттерінде оқитын 1-курс түрікмен студенттерінен құралған 170 студент қатысты. Мақалада түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық бейімделуінің ерекшеліктері көрсетілген. Нәтижесінде, оқу тілін жеткілікті деңгейде білмеу, жалғыздық, мәдени кедергілер мен қаржылық қиындықтар бейімделу барысында кездесетін негізгі қиындықтар ретінде анықталды. Статистикалық талдау нәтижесінде студенттердің жынысына және жасына қарай бейімделу деңгейінде елеулі айырмашылық жоқ екені анықталды. Зерттеу нәтижелері бейімделу процесін жақсарту бойынша нақты ұсыныстар мен бағыттарды ұсынуға мүмкіндік берді. Түйін сөздер: түрікмен студенттері, бейімделу, әлеуметттік бейімделу, педагогикалық бейімделу, психологиялық бейімделу.