БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА STEM ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.91.3.029
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «Атом физикасы» курсын оқыту мазмұны мен құрылымын талдауға бағытталды. Университеттердің оқу жоспарлары мен ресми құжаттары негізінде жүргізілген мазмұндық, статистикалық, факторлық және салыстырмалы талдау нәтижелері курстың әртүрлі университеттерде оқытылуында айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, кредит саны, семестрлік жүктеме, лекциялық, практикалық және зертханалық сабақтардың арақатынасы, сондай-ақ оқытушылардың біліктілігі мен академиялық мүмкіндіктер деңгейінде өзгешеліктер байқалды.93 студент қамтылған сауалнама нәтижелері бойынша курстың құрылымдық тиімділігі, материалдық-техникалық база, оқытушылардың әдістемелік құзыреттілігі және қаржылық қолжетімділік факторлары оң бағаланды (орташа мәндер 4,2–4,4 аралығында, Кронбах альфа коэффициенті 0,906–0,944). Бұл мәліметтер студенттердің оқу бағдарламасын жалпы жағынан қолдайтынын көрсетсе де, оқу процесін жетілдіру қажеттілігін айқындайды.Эксперименттік бөлімде STEMтәсілін қолдану курстың мазмұнын практикамен байланыстырудың тиімді құралы ретінде қарастырылды. STEM әдістерін енгізу –студенттердің пәнді терең түсінуін, зерттеушілік және жобалық қабілеттерін дамытуды, инженерлік ойлау мен цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіруді қамтамасыз ететіні анықталды.Қорытындысында, «Атом физикасы» курсын STEM интеграциясы негізінде жаңғырту болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ұлттық білім беру сапасын жақсартуға және білім беру жүйесінхалықаралық стандарттарға сәйкестендіруге ықпал ететіні дәлелденді.