АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰРҒАҒАН ҰЛТАНЫНДА ГАЛОФИТТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ (NITRARIA SCHOBERI, CALLIGONUM CAPUT-MEDUSAE SCHRENK) ТҰҚЫМЫН ЖИНАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СЕБУ САПАСЫН АНЫҚТАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2025/39
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы Арал өңірінің, яғни Қызылорда облысы бойынша галофитті жартылай бұталардың (Nitraria schoberi, Calligonum caput-medusae Schenk.) биологиялық және экологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер келтірілген. Шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, қажетті зерттеулерге шолу жасалып, тақырыптың көкейтестілігі, зерттеу әдістері анықталды. Өлкелік флораны сипаттайтын ғылыми әдебиеттер мәліметтерінің негізінде және далалық жұмыстар нәтижесінде Қызылорда облысы аймағында өсетін галофиттердің түрлерден (Nitraria schoberi, Calligonum caput-medusae Schenk.) тұқым жиналды. Шобер ақтікені (Nitraria schoberi) және Медуза бас жүзгін (Calligonum caput-medusae Schenk.) тұқымдарының сапасы мен өнгіштігіне талдау жасалды. Nitraria schoberi тұқымдарының өнгіштігін анықтау алдында температурасы 18-20°C болатын суға 2 тәулік бойы салынды. Зертханалық тексеру арқылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жиналған Nitraria schoberi тұқымдарының өнгіштігін бағалау жүргізілді. Тұқымның өнуі бойынша оңтайлы температура мен ылғалдылық режимін сақтай отырып, Петри табақшаларында стандартты әдіспен бағаланды, өнгіштік 40% болды. Галофитті жартылай бұталардың басқа түрлерімен биологиялық және экологиялық ұқсастығына сүйене отырып, шартты түрде тұқым сапасын 1-ші класына жатқызуға болады. Бұл зерттелген тұқымдарды Арал өңірінің тұзды және құрғақ (аридті) ландшафттары жағдайында фитомелиорация және өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарында пайдалану мүмкіндігін растайды. Calligonum caput-medusae Schrenk тұқымдары суға салынды, сосын эмбрион бойымен кесу арқылы тұқымдардың сапасы анықталды. Зертханалық тексеру барысында тұқым сапасы 71%-ды құрады. Қосымша тұқым үлгілері «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК-да зерттеліп, тұқым сапалылығы 63%-ды құрайтыны анықталды. Calligonum caput-medusae Schrenk тұқымының сапасы 63-71% аралығында өзгерді, осы көрсеткіш МЕСТ 13855-87 бойынша орта есеппен сапаның үшінші класына сәйкес келеді. Түрдің экологиялық-географиялық шығу тегі мен тұқым материалының табиғи гетерогенділігін ескере отырып, бұл көрсеткіштер құрғақ (аридті) экожүйелер жағдайында өсімдіктерді интродукциялау және қалпына келтіру мақсаттары үшін қанағаттанарлық болып саналады.