Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлау мәселелері

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2025ped3/104-121
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді сәтті жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі — педагогтердің жаңа жағдайларда жұмыс істеуге даярлығы. Осы зерттеу мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының болашақ педагогтерін инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға даярлау жағдайын зерделеуге бағытталған. Зерттеу аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігі, олардың инклюзия саласындағы білімдері мен дағдылары, сондай-ақ оларды тиісті әдістемелік және психологиялық қолдаудың болуы сияқты аспектілер қарастырылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде педагогтер қолданатын әдістер мен жұмыс формаларын талдауға, сондай-ақ ата-аналармен ынтымақтастыққа дайындық деңгейіне ерекше назар аударылды. Негізгі зерттеу әдістері ретінде ғылыми-тәжірибелік материалдарды, нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, сондай-ақ «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен сауалнама жүргізу қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, болашақ педагогтердің жоғары мотивациясы мен қызығушылығына қарамастан, олардың көпшілігі инклюзивті білім беру жағдайында табысты жұмыс істеу үшін қажетті арнайы білім мен дағдылардың жетіспеушілігін сезінеді. Сонымен қатар, қосымша кәсіби оқыту мен біліктілікті арттыруға деген қажеттілік анықталды. Алынған мәліметтер педагогтерді инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеуге даярлауды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолдау және сүйемелдеу жүйесін тиімдірек қалыптастыруға көмектеседі.