Экрандағы би: хореография телесериалдардағы мәдени және кросс-мәдени кодтарды бейнелеу құралы ретінде

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59850/saryn.3.13.2025.300
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада заманауи телесериалдардағы хореография мәдени және идеологиялық мәндерді бейнелі көркем тіл арқылы жеткізетін репрезентативтік құрал ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі аудиовизуалдық өнімдердің мәдени жад пен әлеуметтік шындық туралы ұжымдық түсініктерді қалыптастырудағы рөлінің артуымен айқындалады. Жұмыстың мақсаты – би эпизодтары арқылы тұлғалық трансформацияны, әлеуметтік стратификацияны, мәдени кодтарды және тарихи жадты репрезентациялау семиотикалық тетіктерін анықтау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы хореографияны медиамәтіннің көпқабатты мағыналық өрісін қалыптастыратын вербалды емес коммуникация жүйесі ретінде түсіндіруде көрініс табады.Эмпирикалық базаға Flesh and Bone, Dance Academy және Step Up: High Water телесериалдары енді. Методологиялық құралдар семиотикалық, мазмұндық-құрылымдық, салыстырмалы және мәдени-талдамалық әдістерді қамтиды. Мұндай тәсіл хореографияның сериал драматургиялық құрылымындағы функцияларын және көрерменмен эмоционалдық байланыс орнатудағы рөлін кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері хореографияның күрделі әлеуметтік дискурстарды – гендерлік теңсіздікті, нәсілшілдікті, шығармашылық қысымды және тұлғаның ішкі күресін – көркем формада тиімді жеткізетінін көрсетеді. Би көріністерінің драматургиялық экспрессивтілігін күшейтіп, эмоционалдық тереңдік пен экрандық мәтіннің коммуникативтік әлеуетін кеңейтетіні анықталды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы ұлттық хореография элементтерін біріктіріп, мәдени құндылықтарды кең аудиторияға ұсынатын отандық телепродукциялар жасауда қол жеткізілген қорытындыларды пайдалану мүмкіндігімен байланысты.