Қазақстан Республикасының аграрлық секторында су ресурстарын мемлекеттік басқару

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2025-1-322-339
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Бұл ғылыми мақаланың мақсаты ғаламдық ахуал жағдайында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында су ресурстарын мемлекеттік басқару негізінде пайдалануды оңтайландыру мәселесін зерттеу, сонымен қатар ғылыми зерттеулер негізінде практикалық ұсыныстар мен шешімдер ұсыну болып табылады. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін жақсарту қажеттілігі отандық ауыл шаруашылығын ұзақ мерзімді дамыту мүмкіндігімен тығыз байланысты. Мемлекеттік басқаруда су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру міндетін шешу, ең алдымен, ауыл шаруашылығында, экономиканың әртүрлі салаларында, оның ішінде, суды көп қажет ететін салалар мен секторларда су бөлу схемаларын және су ресурстарын пайдалануды реттеу тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттілігін болжайды. Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласында су ресурстарын тиімді пайдаланудың мемлекеттік басқару аспектілері қарастырылады. Ғылыми зертеу әдістері - елдің ұлттық шаруашылық қажеттіліктерін сумен оңтайлы қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында экономикалық-статистикалық, болжамды есептеулер, ғылыми талдау және синтез, т.б. Нәтижелері – халық шаруашылығының аграрлық секторында суды пайдалану жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдар мен экономистердің ғылыми еңбектерінде осы тақырыптың даму дәрежесі зерттелді. Қорытындыларда авторлар экономиканың аграрлық секторында суды пайдалануды мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктерін әзірлеу қажет деп санайды. Стратегиялық жағынан өзекті болып табылатын аталмыш проблемаларды оңтайлы шешу үшін суды тиімді пайдалануда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, ауыл шаруашылығы саласында суды пайдалану саласындағы жаңа білімді, заманауи инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлауды күшейту қажет.