Журналистикадағы жасанды интеллект: шетел тәжірибесі

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2024-3-148-7-19
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жылдары көптеген салада жаңа технологиялардың дамуы байқалды. Солардың арасында жасанды интеллект (ЖИ) жетекші орынға ие болды. Атап көрсетерлігі, журналистика саласында да жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастады. Бұл мақаланың мақсаты – ЖИ журналистика саласына енгізілгеннен кейін болған өзгерістерді зерттеу, оның ықпалы мен әсерін бағалау. Зерттеу аясында АҚШ-тағы The New York Times, Ұлыбританиядағы British Broadcasting Corporation (BBC) және Reuters агенттігі сияқты бірнеше ірі медиа компаниялар қамтылды. Аты аталған компаниялардың жаңалық әзірлеу және аудиториямен жұмыс істеу барысында ЖИ мүмкіндігін қалай қолданатыны қарастырылды. Сонымен қатар оқырмандар арасында сауалнама жүргізіліп, журналист пен ЖИ жазған мәтінсалыстырылды. Нәтижесінде адамдардың ЖИ емес, журналист жазған мақаланы таңдайтыны анықталды. Талдау, түсіндіру және сараптау тұрғысынан алғанда журналист жазған мәтін ЖИ жазған мәтінге қарағанда сапалы әрі салмақты шығатыны дәлелденді. Бұған қоса журналистика саласында ЖИ белсенді қолданылып жатқанына қарамастан, жаңалық әзірлеу мен таратуда журналистің рөлі мен маңызы зор деген байлам жасалды. Сондай-ақ аудиторияның сенімін сақтау үшін журналистикаға жасанды интеллектті қауіпсіз әрі тиімді енгізу мақсатында нақты стандарттар мен нормаларды әзірлеу қажет екені атап өтілді. Зерттеудің практикалық құндылығы журналистикада ЖИ пайдалануды оңтайландыру бойынша нақты ұсыныс жасауда болды.