Аннотация
Мақалада Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында кездесетін Ұлы Жібек жолы бойындағы жер-су атауларының қолданылуын қарастырады. Ұлы Жібек жолының адамзат өркениеті мен тарихындағы маңызы, сондай-ақ сауда мәдениетіндегі қызметі айтылады. Қазақ халқының тарихи шежіресін кең құлашта суреттеген көрнекті жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын талдауға басты назар аударады. Трилогияның қазақ прозасындағы орны, қозғалатын тақырыбы, идеясы, сюжет желісі, образдар жүйесі сөз болады. Бұл шығарма қазақ халқының бес жүз жылдық тарихын жаңғыртуға және тарихымыздың белгілі тұлғаларының бейнесін жасаған тарихи энциклопедия екені дәйектеледі. «Көшпенділер» трилогиясындағы Ұлы Жібек жолына қатысты топонимдерді тауып, жазушының шығармада жер-су атауларын қолданудағы тарихи көркемдік шеберлігі сараланады. Ел мен жердің тарихынан мәлімет беретін жер-су атаулары «Көшпенділер» трилогиясында көп кездесетінін анықтап, олардың шығармада маңызды қызмет атқаратыны дәлелденеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы жер-су атаулары шығармада табиғат көріністерін, ел-жер тарихын, кейіпкерлер характерлерін бейнелеу кезінде қолданылатыны анықталып, жазушының көркемдік шеберлігіне талдаулар жасалады. Шығармада өзендер, көлдер, таулар ежелден келе жатқан тарихи атаулармен аталатыны көрсетіледі. Жібек жолы бойындағы жер-су атаулары «Көшпенділер» трилогиясында көрініс тауып, тарихи шындықпен көркемдік тұрғыдан шебер бейнеленгенін тұжырымдайды. «Көшпенділер» трилогиясында кездесетін Жібек жолы бойындағы топонимикалық атаулар шығармада маңызды қызмет атқарады. Хандардың, билердің, ру басыларының атқаратын лауазымдарын айқындап, олардың сол мекендегі орнын көрсетеді. Ел мен жердің тарихынан мәлімет беретін жер-су атаулары «Көшпенділер» трилогиясында көптеп кездеседі. Соның ішінде мақаланың зерттеу нысаны ретінде алынып отырған Жібек жолы бойындағы жер-су атаулары трилогияда молынан ұшырасады.Мақалада толыққанды талдау беріледі. Қытайдан бастау алған сауда жолы Орталық Азия арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек жолы бұдан 3-4 мың жылдай бұрын Қытайдың Орталық Азия халықтарымен достық қарым-қатынасты нығайту үшін салған жолы екені айтылады.