Аннотация
Бүгінгі күні технология жылдам қарқынмен дамып келеді. Білім беру үдерісін тиімді жүзеге асыру үшін, әсіресе жаратылыстану ғылымдарын интегративті зерттеу кезінде көптеген инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта оқу материалдарын әртүрлі цифрлық формалар арқылы қамтамасыз етуге болады. Бұл зерттеу мектеп физика курсында оқушылардың оқу материалдарына, әсіресе энергия тақырыбына қатысты қажеттіліктері мен қызығушылықтарының тенденциясын қысқаша баяндайды. Зерттеудің мақсаты мұғалімдер мен оқушылардың STEM интеграцияланған оқытуды енгізгенде, олардың орта мектепте энергия ұғымын зерттеу мен оқып үйренуді жеңілдетудегі күтілетін мәселелерді анықтау болып табылады. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге, мектеп физика курсының оқулықтары мен оқу бағдарламаларына талдау жасалынды. Сонымен қатар, STEM элементтерін, цифрлық білім беру ресурстарын таңдап алу жұмыстары жүргізілді. Бұл материалдарды оқу үдерісіне ендіріп, оқушылар арасында энергия тақырыптары бойынша бақылау жұмыстары ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері STEM технологиясының оқушылар арасында энергия ұғымымен байланысты ғылыми ойлауды дамытуға бағытталған іс-шаралармен байытуға мүмкіндік беретіндігін көрсетті.