ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫ АЯСЫНДА МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ДІНИ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ТҮСІНІГІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v102i4.639
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ислам дінідегі зияткерлік меншік түсінігі діни тұрғыдан сипатталды. Зияткерлік меншік ислам құқығы тұрғысынан қарастырылып, интеллектуалды меншік құқықтарын құрайтын авторлық құқыққа қатысты ислам құқығындағы ғалымдардың көзқарастары зерттелді. Білім адамға тек материалдық емес, өзге де артықшылықтарды беретін дәуірде, зияткерлік меншік мәселесі жеке және қоғамдық деңгейде дамудың негізгі қағидасына айналып отыр. Зияткерлік меншік ақыл-ойдың нәтижесінде пайда болатын, белгілі-бір объектілерге иелік етуді білдіреді. Бұл тақырып ақпарат дәуірінде аса өзекті болып, әр елдің мәдени және экономикалық дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылуда. Зияткерлік меншік тақырыбы дінтану, философия, құқық, әлеуметтану, халықаралық қатынастар және өзге салаларда кеңінен талқыланып, қазіргі таңда мұсылман қоғамы үшін де маңызды тақырыптардың біріне айналуда. Зерттеу барысында интеллектуалдық меншікке қатысты көзқарастар, оның тарихы мен дамуы, сондай-ақ қазіргі заманғы түсінікпен салыстырғанда ерекшеліктері талданды. Зияткерлік меншік, оның ішінде авторлық құқық, ислам құқығында жеке меншік құқығының бір түрі ретінде қарастырылатыны туралы анықталды. Зерттеудің мақсаты ислам құқығындағы зияткерлік меншік түсінігін тереңірек талдап, оның заманауи құқықтық жүйелермен үйлесімділігі мен айырмашылықтарын анықтау болды.