МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ ОБАЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЖӘНЕ АБСОЛЮТТІ МЕРЗІМІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.018
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Археология ғылымы бір ескерткіштің мерзімін анықтау кезінде нақты хронологиясын белгілейтін заттар табылмаған жағдайда (соғылған жылы белгілі монеталар, жазбаша материалдар)салыстырмалы талдау әдісі мен қатар жаратылыстану ғылымына жүгінеді. Салыстырмалы мерзімдеу археологтардың ең көп қолданатын мерзімдеу әдісі болып табылады. Бұл бойынша қазба кезінде анықталған құрылыстардың архитектуралық ерекшелігі, қыш қаптамалардың өрнектері, саз ыдыстардың түрлері, қабірлердің пішіні, қаңқалардың жату қалпы, басыныңбағытталуы және т.б. деректер өз ішінде немесе басқа аймақтағы аналогтарымен салыстырыла отырып мерзімдемесі жасалады. Ал, бір ескерткіштің абсолютті мерзімін анықтау үшін көбінесе радиоуглеродтық C14әдіс қолданылады. Радиоуглеродтық анализдер арнайы лабораторияларда заманауи құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін қазба кезінде табылған органикалық заттардан (ағаш, көмір, сүйек және т.б.)сынама үлгілері алыну қажет. Мақалада Келес өзенінің төменгі ағысында орналасқан Мыңтөбе қорымындағы No3, No6және No7 обалардың салыстыр-малы және абсолютті мерзімін анықтау мақсат етілді. Аталмыш обаларды салыстармалы тұрғыдан мерзімдеу үшін археологиялық деректер Өзбекстан аймағы, Сырдария және Арыс өзені жағасындағы аналогтарымен салыстырылды. Ал, абсолютті мерзімдеу үшін қаңқалардың тісі сынама үлгісі ретінде алынып Түркиядағы Тубитак лабораториясында анализ жасалды. Осылайша аталмыш обалардың нақты мерзімі анықталды.