ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ӘРЕКЕТІНЕ ДАЯРЛАУДАҒЫМҮМКІНДІКТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.74.3.011
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада болашақ педагогтарды денсаулықты сақтау әрекетіне дайындауда оқыту үдерісінің мүмкіндіктері мәселелелері қарастырылады. Болашақ педагогтар өзінің өмір салттарын, іс-әрекеттерін мақсатты түрде таңдаушы, әрі өзгертуші, денсаулықты сақтау әрекетіне деген көзқарастарын өзгерте жәнеқайта қарай алатын оқу үдерісінің субъектілері ретінде қарастырылады. Болашақ педагогтардан талап етілетін негізгі мақсат – денсаулықты оның физиологиялық, психологиялық және өзіндік деңгейінде басқарудың негізгі заңдылықтарын білу, денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктерін меңгеру. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге, жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламалары мен оқу үдерісіне жүргізілген сараптамалар көрсеткендей, бүгінгі таңда болашақ педагогтардың денсаулықты сақтау әрекетіне қатысты көзқарастарын қалыптастырудың мазмұны, құрылымы мен деңгейі дене тәрбиесі пәні арқылы жүзеге асырылады, ал мұның өзі оның жеткіліксіз екендігін аңғартады. Зерттеу барысында болашақ педагогтардыден саулықты сақтау әрекетіне дайындау жоғары оқу орындарында бірнеше пәннің аясында ғана жүзеге асырылатындығы анықталды. Аталған пәндердің студенттердің бойында денсаулық сақтау әрекетіне дайындығын қалыптастыру мүмкіндіктері салыстырмалы түрде беріледі. Сонымен қатар, болашақ педагогтарды денсаулықты сақтау әрекетіне дайындаудағы оқыту үдерісінің мүмкіндіктері анықталып, лекция және семинар сабақтарында қалыптастыру әдістемесі көрсетіліп, аудиториядан тыс уақытта жоба әдісі арқылы студенттердің денсаулықты сақтау әрекетіне дайындығын қалыптастырудың мазмұны ашып көрсетіледі.