ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУӘДІСІ - СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҚҰРАЛЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.74.3.023
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында әдебиетсабағында студенттерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін іздестіру, заманауи технологияларын қолдану мәселесіқозғалады. Қазіргіпедагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу, қазақәдебиеті шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру және әдебиеттіоқытудағы проблемалық оқыту әдісінің тиімділігін көрсетукөзделеді. Зерттеудің мақсаты – әдебиет сабақтарында проблемалық оқытуды қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – зерттеуде алынған нәтижелер қазақәдебиеті шығармаларын проблемалық оқыту әдісіне байланысты тұжырымдамаларды толықтырады.Мақаланың практикалық мәні – бұл зерттеулерді жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Мақаладапроблемалық оқыту және оқытуда проблемалық жағдаяттарды құру бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер зерттеліп, талданды; студенттің дамуына ықпал ететін проблемалық жағдаяттарды құрудың ең тиімді жолдары мен әдістері іздестірілді.Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: бақылау, сауалнамажәнеэксперименттікоқыту. Қазақәдебиеті пәні бойынша50 болашақ мұғалім-респонденттеріпроблемалық оқытуды қаншалықты жиі қолданатынын, білім алушыға сабақ беру барысындаәртүрліәдістерді қолдана отырып, анонимді онлайн сауалнама жүргізу арқылы зерттеуге қатысты.Педагогикалық университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін көркем мәтінді түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.Мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде теориялық және практикалық материалдардың қолданылуын, білім алушылардың тақырып бойынша семинарларға дайындала алуын, оқытушылардың әдебиет сабақтарында қолдана алуын айта аламыз.Зерттеу проблемалық оқыту заманауи оқыту стратегиясы ретінде студенттердің әдебиет сабағында танымдық әрекетін белсендіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл студенттерді мәселеге танымдық көзқарасы бар тұрғыдан қарайтын субъект позициясына қояды, сонымен бірге олардың шығармашылық дағдыларынжәне мәтінді түсінуге сыни көзқараспен қарау дағдысындамытады.