ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК, АР-ИМАН ТАҚЫРЫБЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.73.2.026
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақаланың мақсаты –бүкіл әлемге әйгілі қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, философы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы негізінде қай кезеңде болмасын өзекті болып саналатын адамгершілік пен гуманизм тақырыптарын талдау. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы –оның дана тәлімгерлердің ілімдерін мақсатты түрде білу арқылы келген рухани ізденістерінің, сенімдерінің, азапты ойларының, қиналыстарыныңмәнін ашу.Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы –мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлыныңшығармашылығына негізделген көркем шығармалардағы «ар-ождан», «ар-ождан туралы ғылым», «ар-ождан кодексі» ұғымдарының жан-жақтылығы талданады.Зерттеудің әдіснамалық негізі Л.Н.Толстой, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Ракымжанов, А.Омаров, Т.Жұртбай, Б.Ердембеков, К.Досай, Т.Шаңбай және тағы басқа да әдебиеттанушы ғалымдардың философиялық және әдеби зерттеу еңбектері болды.Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі –берілген тақырып аясында жүргізілген сыни талдау барысында саяси-әлеуметтік орта ақынның дүниетанымын берік қалыптастырғаны анықталды, өйткені егер өз елінде бәрі жақсы болса, ақынның жаны үмітсіздікке ұшырамайтынеді деген байлам жасалды.Ұлт-азаттық қозғалыс басталған дәуірде сенім мен адамзат қағидаттарына адалдық қоғамныңпрогрессивті дамуының қозғаушы күшіне айналады.Туған халқына деген жанашырлық Шәкәрім Құдайбердіұлын өзініңтуған еліне лайықты ұл, көрнекті ақын-ойшыл, адамдар мен қоғамның игілігі үшін ғұмырын арнаған уағызшы дәрежесіне жеткізді.Зерттеу барысында көркем, публицистикалық және ғылыми мәтіндерді теориялық талдау, жүйелеу, жалпылау, тұжырымдау, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.Жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы –бұл мақала жоғары оқу орындарындағы әдебиеттану пәндерінің циклі бойынша дәрістер мен семинарларға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.