«Жәдит» әдісі және Алаш оқымыстыларының алғашқы оқулықтары

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-139-2-168-176
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде Алаш қозғалысының рухани серпілуіне себепкер - «жәдит» әдісі мен танымы еді. Жәдитшілдіктің негізін қайраткер қырым татары, танымал баспагер, оқымысты Исмаил Гаспринский салды. Бұл әдіс мұсылман халқының мәдениетінің, білім-ғылымының дамып, нығаюына тікелей әсер етті. Мұсылман халықтарының ішінде сауатсыздықты жою – сол замандағы тек татар халқына ғана емес, барлық Ресей мұсылмандарына ортақ мәселе болатын. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында «жәдитшілдік» (жаңа оқу әдісі) қозғалысы Қазақстанға да келді. «Жәдитшілдіктің» қазақ жерінде негізін салушылар – Алаш зиялылары. Ресейлік түркі дүниесінің реформаторы Гаспринскийдің де, Алаш арыстарының да баға жетпес асыл мақсаты - ұлттық құндылығын сақтай отырып өркениетті елдердің мәдениеті арқылы, сауатты да білімді ұрпақ қалыптастыру. Гаспринскийді өзіне ұстаз тұтқан Алаш арыстары оның халықты жаппай сауаттандыру мен ұлтты ояту идеясына құрылған жаңа игі бастамаларын өздеріне бағдаршам ретінде ұстанды. Ал, бұл қозғалысқа Алаш зиялыларының көсемі ғалым Әлихан Бөкейхан жетекшілік жасады. Алаш оқығандары ағартушылықты дамытуда жетекші рөл етіп – халықты жаппай сауаттандыруды, ғылымның әр түрлі саласымен таныстыруды алға қойды. Соның нәтижесінде көптеген оқулықтар жазылып, халық мәдениетінің өркендеуі мен оқу-ағарту саласының жетіліп-өсуіне зор үлес қосылды. Алаш оқулықтарының ерекшелігі – ғылымды оқушыға оңай жолмен түсіндіруінде еді. Ал, Алаш оқымыстыларының негізгі мақсаты – өздері құрастырған оқулықтары арқылы білімді, көзі ашық ұрпақ тәрбиелеу болды