Қылмыстық жаза, оның мақсаттары жайлы

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2022-139-2-88-99
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қылмыстық жазалау мәселелері жылдар бойы қылмыстық істі жүргізу органдары мен пенитенциарлық жүйенің практикалық қызметкерлерін, ғалымдарды ғана емес, жалпы қоғамның назарында болып келеді. Жаза - мемлекеттік қылмыстық саясатты жүргізудің жетекші құралдарының бірі, көп жағдайда қылмыстық заңнамаға жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді. Жазаның көмегімен қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады да. Жаза институтының тиімділігі мен маңыздылығы сол, ол кінәлінің жеке басына, оның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігіне сай келетін әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді. Осы жағдайда ғана қылмыстық жазаны мәжбүрлеудің құқықтық шарасы ретінде танимыз. Шын мәнісінде, жазаны қылмыстық заңнамада көзделген мақсатқа сай емес, оны қорқытып-үркіту үшін заң шығару мен құқық қолдану іс-тәжірибесінде қолдану тенденциясының қоғамда кеңінен орын алуы, көпшілікті алаңдатады. Осы тұста автор мақалада жазаның мақсатын негізге ала отырып, қылмыстық жаза жүйесіне қатысты кейбір сұрақтарға тоқталады.