Қазақ әңгімелеріндегі мистикалық мотивтер

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-145-4-109-120
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қазақ әңгімелеріндегі мистикалық мотивтерді талдауға арналған. Авторлар салыстырмалы-тарихи, герменевтикалық, тарихи-фунционалдық тәсілдер негізінде қазіргі қазақ прозасының әңгіме жанрындағы мистикалық сарындардың қолданылу ерекшеліктерін зерделеген. Зерттеу жұмысына әлемдік және отандық әдеби үлгілер арқау болған, олардың бастау көздері, өрбу эволюциясы мен заманауи трансформациясы тізбектеле көрсетілген. Эзотериялық, діни тұрғыда игеру жүйелері талданып, иррационализм принциптерін ұстанған мистикалық сарындағы туындылар негізге алынған. Қазақ мистикасының ерекшелігі – тәңірлік таным жоралғылары мен мұсылмандық-сопылық дәстүрлерден бастау алатынында. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ қаламгерлерінің мистикалық сарындағы әңгімелері салыстырмалы тұрғыда зерделенген. Сонымен қатар, мақалада қазақ және шетел туындыларындағы мистикалық желілерін сипаттау арқылы мистиканың жалпы табиғаты мен мәні ашылған. Мистиканың әдебиетпен байланысы қарастырылып, әңгімелер құрылымдағы көркемдік қызметі айқындалған. Қазақ қоғамы, адам психологиясы, адам тағдыры суреттелген Оралхан Бөкей, Мұхтар Мағауин, Нұрғали Ораз, Қойшыбек Мүбарак әңгімелеріндегі мистикалық желілер негізге алынған.