ТАРАЗ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ПОПУЛЯЦИЯСЫНА ЖАТАТЫН ТҮЙЕЛЕРДІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІГІН ISSR-PCR МАРКЕРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2023/05
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысында Қазақстандағы Шымкент және Тараз Camelus dromedarius және Camelus bactrianus түйелер популяцияларының генетикалық әртүрлілігіне ISSR-PCR маркерлерін қолдану арқылы талдау жүргізілді. Нәтижесінде (AG)9C праймері бойынша ұзындығы 200, 320, 370, 430, 580 және 700 ж.н. тұратын фрагменттер анықталды. Ал (GA)9C праймері негізінде алынған ампликондардың ұзындығы 300, 350 және 430 ж.н. тең болды. Шымкент популяциясы түйелерінде полиморфты локустар саны 9 және осыған орай полиморфты локустардың аллельдік көрсеткіші 77,78% құрады. Тараз популяциясы түйелерінің полиморфты локустары бойынша аллельдік көрсеткіші 33,3% тең болды. Екі популяция бойынша зерттеуге іріктелген түйелерде бақыланатын аллельдер саны (Na) орташа есеппен 1,38 құрады, аллельдердің эффективті саны (Nе) 1,47, Nеi бойынша генетикалық әртүрлілік (Н) 0,25 және Шеннон индексі (I) 0,36 тең болды. Полиморфты локустардың орташа аллельдік көрсеткіші екі популяция бойынша 55,56% құрады. Алынған нәтижелерге сүйенсек, жұмыс барысында қолданылған екі маркер зерттеуге алынған түйе популяцияларының генетикалық әртүрлілігін бағалауда ақпараттылыққа ие екенін көрсетті. Сонымен қатар зерттелген екі түйе популяцияларының бір-біріненен генетикалық әртүрлілігі бойынша ерекшеленетіндігі анықталды.